ШҰҒЫЛ! ЕРСҰЛТАН МҰЗАППАРОВ "ӘЛЕМ БАРЫСЫ-2018" ТУРНИРІНІҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ Толығырақ

ҚОРҒАНЫС МИНИСТРЛІГІ МЕН ШЫМКЕНТ ӘКІМДІГІ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

18:07, 11 қазан 2018

Бүгін ҚР Қорғаныс министрлігі мен Шымкент қаласының әкімдігі, республикалық «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қоғамдық қозғалысы арасында меморандум түзілді. Меморандум аясында әскери қызметтің беделін арттырып, ҚР Қарулы Күштерінің имиджін ілгерілетуге бағытталған іс-шаралар өткізу жайы сөз болды.

Меморандум мерзімі бес жылға түзілді. Оған  ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев, Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов және республикалық "Жас сарбаз" әскери-патриоттық қоғамдық қозғалысының төрағасы, генерал-майор Мұхамежджан Таласов қол қойды.

Нәтижесінде азаматтардың әскери-патриоттық тәрбиесі саласында және әскери-қолданбалы спорт түрлерін насихаттаудағы ынтымақтастық  арта түспек.  Бұл ретте, ұлт ұландарының отанға деген сүйіспеншілігі,еліміздің салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген құрметі қалыптасу  қажеттігі айтылды.

Салтанат Әли – ҚР Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығының ұйымдастыру бөлімінің бастығы

Бүгін Шымкент қаласының әкімідігінде өткізіліп жатқан ҚР Қорғаныс министрілігінің қатысуымен өтіп жатқан жиналыстың мақсаты Елбасының Жолдауын Жастар арасында насихаттау. Биылғы Жолдауда Елбасымыз жас сарбаз, жасөспірімдер ұйымын құру және осы әскери тәлім-тәрбие жұмыстарын жандандыру әрбір мектепке осы жұмыстарды қолға алу мәселесін тапсырған болатын.Соған орай, Кадет жастарына арнайы мамандандырылған сыныптарын ашу жұмыстарын қолға алып отыр. Бұл мемеорандум Елбасының тарпсырмасын дәлме-дәл орындау болып табылады.

Алдағы уақытта кадет сыныптары мен  әскери-патриоттық клубтары ашылады. Жастарға арналған мекемелерде әскери тәлім-тәрбие жұмыстарын жүргізу жоспарлы түрде орындалмақ.

 

М.ӘСЕМБЕК                                                                                           

 

Тақырып бойынша материалдар

АЙЖІГІТ АСАНОВ  «МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» АТАНДЫ
15:29, 14 желтоқсан 2018
АЙЖІГІТ АСАНОВ «МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ» АТАНДЫ
Толығырақ...
 ТҮЛКІБАС АУДАНДЫҚ СОТЫНДА ФРОНТ-ОФИС АШЫЛДЫ
12:54, 14 желтоқсан 2018
ТҮЛКІБАС АУДАНДЫҚ СОТЫНДА ФРОНТ-ОФИС АШЫЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

АДАМДЫ ТІРІДЕЙ КӨМГЕН ҚАСКӨЙЛЕР ҰСТАЛДЫ
17:56, 7 желтоқсан 2018
АДАМДЫ ТІРІДЕЙ КӨМГЕН ҚАСКӨЙЛЕР ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...
ТЕМІРЛАНДА  «ЖАС ҰЛАН» ҚАТАРЫ АРТТЫ
12:29, 11 желтоқсан 2018
ТЕМІРЛАНДА «ЖАС ҰЛАН» ҚАТАРЫ АРТТЫ
Толығырақ...
ЖАҢА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АВТОБУС БАҒЫТЫ АШЫЛДЫ
18:26, 10 желтоқсан 2018
ЖАҢА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АВТОБУС БАҒЫТЫ АШЫЛДЫ
Толығырақ...