ШҰҒЫЛ! НЫСАНДАР ІСКЕ ҚОСЫЛЫП, ШЕКТЕУЛЕР АЛЫНАДЫ Толығырақ

«КӨРПЕ ФЕСТ» ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

18:32, 6 наурыз 2020

Шымкентте үш күнге жалғасқан «Көрпе фест» семинары өз мәресіне жетті. Ұлттық қолөнер мегафестивалін қала әкімінің өзі қорытындылап, қазақы дәстүрді жалғап отырған қыз-келіншектерге алғыс білдірді. Салтанатты жиыннан тілші сөз саптайды.

Құрақ көрпе – қазақ дәстүрінің сарқылмас қазынасы. Ұлттық өнердің осынау түрін дамытып отырған қыз-келіншектердің еңбегі кез-келгеннің жүрегін жаулайтыны сөзссіз. Осынау игі бастамаға ұйытқы болған аруларға қала әкімі де ризашылығын білдірді.

Мұрат Әйтенов – Шымкент қаласының әкімі

Сіздерге рахмет! Қыз-келіншектерге алғыс білдіреміз. Осындай дәстүрді жалғастыра берейік. Ат салысқандарыңызға рахмет.

Мегафестиваль қатысушыларының ең жасы – 10-да. Үлкені 74 жастағы сарыағаштық әже. Бала кезінен құрақ құрап, дәстүрді жалғап отырған кейуана ұлттық өнер бұрымдыларды сабыр мен салихалылыққа үндейді,-деп отыр.

Гүлжаһан Саипова – фестивальге қатысушы

Салтанатты жиын барысында ұлттық құндылықты дәріптеп, Елбасы айтқан, «Рухани жаңғыру» мақаласына екпін берген азаматтар «Аманат» төсбелгісімен марапатталды.

Батырхан Дәуренбеков – «Оңтүстік фильм» киностудиясының директоры

Шарада өнер көрсетіп, дәстүрді жаңғыртқан келіншектер 20-наурызда өтетін «Шымкент – ТМД» елдерінің мәдени астанасы жылнамасының салтанатты ашылуына қатыспақ. Сөйтіп, қазақы нақыштағы ою-өрнектерді шет елдіктерге таныстырмақ.

П.Биназарқызы

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
16:11, 29 мамыр 2020
МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
Толығырақ...