ШҰҒЫЛ! ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛМАЙДЫ Толығырақ

КӨРШІСІН КІРПІШПЕН ҰРЫП ӨЛТІРГЕН

16:22, 3 шілде 2020

Ордабасы ауданында өз көршісін кірпішпен ұрып өлтірген күдікті ұсталды. Аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне «102» телефоны арқылы жергілікті тұрғыннан Шұбар ауылындағы құрылысы толық аяқталмаған үйдің ішінде ер адамның мәйіті жатқандығы туралы хабарлама түскен. Аудандық полициця бөлімінің бастығы Ғалымжан Қуашбаев бастаған жедел тергеу тобы оқиға орнына жеткен.

Тәртіп сақшылары жәбірленушіге келтірілген жарақатқа қарап, оның өліміне басынан алған соққысы себеп  болуы мүмкін екенін анықтады. Кейіннен бұл нұсқаны сараптама қорытындысы да растады.Аталған жайт Ордабасы АПБ-мен ҚР ҚК-нің 99-бабы 1 бөлігімен тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ауыр қылмысты ашу мақсатында Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасының тәжірибелі жедел уәкілдері және Ордабасы АПБ-нің жеке құрам қызметкерлерінен арнайы топ құрылды.Жедел уәкілдер аулаларды аралау барысында өлген адамның жеке басын анықтады. Ол жұмыссыз жергілікті тұрғын болып шықты. Одан әрі жедел топ жәбірленушінің таныстар шеңберін құрып, мұқият зерттей бастады. Көрген-білгендерден жауап алды. Осындай іс-шаралардың арқасында полицейлер күдіктінің ізіне түсті. Содан, оны полиция қызметкерлері Арыс қаласында қарауылдық жұмысында жүрген жерінен анықтап ұстады.Күдікті қаза тапқан адамның көршісі болып шықты.Тергеу барысында күдікті танысы әрі көршісімен Шұбарсу ауылындағы толық бітпеген үйде бірге спирттік ішімдік ішкенін, сол сәтте араларында жанжал шығып, сөзге келіспей қалусалдарынан төбелес болғанын айтып, оқиға кезінде ер адам көршісінің басынан кірпішпен ұрғанын мойындады.        Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.  

Ерғали Қарсыбаев ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ  ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ ОРДАБАСЫ АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

 

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
15:36, 29 шілде 2020
42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
Толығырақ...
МОБИЛЬДІ ТОП 15000 НАУҚАСҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН
18:24, 28 шілде 2020
МОБИЛЬДІ ТОП 15000 НАУҚАСҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТКЕН
Толығырақ...