ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

ҚОС ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ҮСТІНЕН ІС ҚОЗҒАЛДЫ

14:14, 17 қыркүйек 2019

Атаулы әлеуметтік көмекті әп-сәтте реттеп беремін деген қос қызметкер заң алдында жауап беріп жатыр. Шымкент қаласының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысымен маманы сыбайластыққа барған. Осыған байланысты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары сала қызметкерлеріне түсініктеме жұмыстарын жүргізді.

Сыбайлас жемқорлық қылмысы «Шымкент қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығында» орын алған. Абай ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің басшысы алты азаматқа әлеуметтік көмек алып беремін деп еңбекақыға  375 мың теңге сұраған. Дәл осы орталықтың маманы да көмек қаржыны тездетіп түсіріп беремін деп қала тұрғынынан 45 мың теңге алған.  Осы жайтқа байланысты екі азаматтың үстінен ҚР ҚК –нің 190-шы бабы, 2-ші бөлігінің 3-ші тармағы бойынша іс қозғалған. 

Камал Қабылбеков – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары

Қылмыстық істер айыптау актісімен сотқа жолданған. Атап кетсек Ибраимов пен Әмреева қатысты қылмыстық істер. Ибраимовқа қатысты соттың үкімі шығып қойды.

Орталық қызметкерлерімен кездесу барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Камал Қабылбеков түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сыбайластық қылмысының қоғамдық дерт екендігін, оның жауапкершілігі жайында кеңінен әңгіме қозғады. Қылмыстық жауапкершіліктен бөлек мұндай жайт өзекті өртейтін өкініш екендігін ескертті.

 Камал Қабылбеков – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары

Әр азаматқа мен ойлаймын ең қымбат дүние ол бас бостандығы. Себебі мен өзім осы салада біраз жыл қызметте жүрм. Тек ғана осындай деректер бойынша құрықталғандар біздің алдымызға келгенде шынайы өкініп жатады. Бірақ ол кезде бәрі кеш болады.

 Шымкент қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-сі Сыбайлас жемқорлық тақырыбында қызметкерлеріне әрдайым жиналыстар өткізіп, ескертпе беріп келеді.  Құзіретті мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің қатысуымен презентациялар, түрлі бейнероликтерді қолданып сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу үшін шараларда өтеді. Десекте сыбайластық қылмысы тағыда орын алып отыр. Сыбайластықтың алдын алу шараларына осы жолы жауапқа тартылған қос қызметкерде талай қатысқан екен.

К. Дүйсенбі 

Тақырып бойынша материалдар

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ  КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
19:59, 18 қазан 2019
ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
18:27, 15 қазан 2019
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
Толығырақ...