ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП – БАРШАҒА ОРТАҚ! Толығырақ

КӨШПЕЛІ СЕМИНАР КЕҢЕС ӨТТІ

19:59, 1 маусым 2020

Түлкібаста өндірілетін ауылшаруашылығы өнімдерінің ауқымы артып келеді. Аграрлы аймағымызда биыл көкөніс, бақша, дәнді дақыл молынан егілді. Олардың дені қазір жиналу үстінде. Жалпы, Түлкібас өңірі бау – бақша өсіруге өте қолайлы аймақтардың бірі. Сондықтан бұл іске бел шеше кіріскен жөн. Осыған орай, ауданда арнайы семинар болып өтті. Онда өңір басшысының бастамасымен қолға алынған нәтижелі істердің жай – күйі талқыланды.

Облыстық ауылшаруашылық басқармасы бекіткен 265 гектар жерге 2-3 өнім егу қажет болатын болса, бұл жоспар асыра орындалып отыр. Яғни, 266 гектар жерден 154 шаруа қожалық екі рет өнім алуды жоспарлап отыр.
Сабыржан Төлепбергенов-    шаруа  
Семинарда   көптеген шаруа қожалықтарының  төрағалары мен ауыл    әкімдері ниет білдіруші шаруалар кәсібінің қыр-сырын айтып, тәжірибесімен бөлісті.  Шаруалардың ой – пікірін тыңдаған  аудан басшысы Нұрлан Байғұт   олардың  еңбегіне оң бағасын беріп, шаруашылығын ұлғайтуға жан-жақты қолдау көрсетілетіндігін жеткізді. Бұл бағытта округ әкіміне және аудандық жерқатынастар бөлімінің басшысына нақты тапсырмалар жүктеп, мерзімінде орындауды тапсырды.  Содан соң, көшпелі семинар «Жұлдыз» шаруақожалығының егіс алқабында жалғасын тапты. Бұл жерде шаруақожалық төрағасы Сабыр Өмірбеков 1,5 гектар жерге аскөк егіп отыр. Шаруа маусым айында оны   жинап алған соң жерді қайта өңдеп, орнына қияр егуді  жоспарлап отыр.    
Сабыр Өмірбеков - «Жұлдыз» шаруа қожалығының төрағасы
Көшпелі семинар бағдарламасына сәйкес аудан әкімі бастаған  топ «Андасбек» шаруaқожалығына табан тіреп, егіс алқабымен танысты. Шаруақожалық төрағасы Әділбек  Құрманбаев   ерте көктемде 5 гектар жерге «Наташа» және «Ривейра» сортты картоп  егіп, 1 гектарынан 250 центнер өнім алуды көздеп отыр. Ауылшаруашылығы мамандарының болжамына сәйкес 1 гектардан түсетін таза табыс көлемі 1 млн. 325 теңгеге жуық болмақ. Бірінші өнімді шілде айының ортатұсында жинап алуды жоспарлап отырған шаруа  сол жерге қияр екпек.
Ұлдана   Байниязова                                                                                        

 

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТКЕ  ҚАЖЕТТІ ДӘРІ - ДӘРІМЕКТЕР ЖЕТКІЗІЛДІ
16:53, 16 шілде 2020
ШЫМКЕНТКЕ ҚАЖЕТТІ ДӘРІ - ДӘРІМЕКТЕР ЖЕТКІЗІЛДІ
Толығырақ...
22 ТҮРЛІ 128 МЫҢНАН АСТАМ ДӘРІЛІК ЗАТТАР ДӘРІХАНАҒА ТҮСЕДІ
12:32, 16 шілде 2020
22 ТҮРЛІ 128 МЫҢНАН АСТАМ ДӘРІЛІК ЗАТТАР ДӘРІХАНАҒА ТҮСЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАСПАНА СЫЙЛАП, ҚОРАСЫН МАЛҒА ТОЛТЫРДЫ
17:05, 10 шілде 2020
БАСПАНА СЫЙЛАП, ҚОРАСЫН МАЛҒА ТОЛТЫРДЫ
Толығырақ...
ДӘРІГЕРЛЕР ДҮНИЕДЕН ӨТКЕН ӘРІПТЕСТЕРІН ҮНСІЗДІКПЕН  ЕСКЕ АЛДЫ
19:19, 13 шілде 2020
ДӘРІГЕРЛЕР ДҮНИЕДЕН ӨТКЕН ӘРІПТЕСТЕРІН ҮНСІЗДІКПЕН ЕСКЕ АЛД...
Толығырақ...