ШҰҒЫЛ! 660 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ Толығырақ

ҚОСТАНАЙҒА БАРЫП, ӘКІМ БОЛДЫ

17:09, 21 тамыз 2019

Қостанайға барып, әкім болды. Солтүстікке қоныс аударғандарға мемлекеттік қызмет тізгіні де бұйырып тұр. Оңтүстік өңірден көшіп барып, ауылға әкім болып отырған азамат біздің облыстың тұрғындарын шұрайлы өлкеге көшуге шақырып отыр. Қостанай облысы, Сарыкөл ауданының халқы да қоныс аударушы ағайынға риза.

ДИНАР НАХЫПБЕК  - ТІЛШІ

Бұл Қостанай облысы, Сарыкөл ауданына қарасты, Қараоба ауылы. Бір кездері бұл ауылда 800-дей тұрғын болған. Қазір халық қалаға көшіп, ауыл қаңырай бастады. Мал бағам дегенге – жері, егін салам дегенге іргесінде көлі бар, шұрайлы мекен түркістандық ағайынды құшақ жайып қарсы алуда.

Бұл аймаққа Түркістан облысынан көшіп келген азаматтар көп. Негізгі  себеп табиғаттың сұлулығы мен жергілікті тұрғындарды қонақжайлылығы. Екінші себеп, ауылд басқарып отырған азамат та қоныс аударушылар. Ерлан жас та болса, әкім болып еңбек етуде. Алдымен жанына жақындарын жинады.  Қараобаға үйренісіп, ауылды жайнатып отыр. Қарт болса да, туған анасын да көшіріп алыпты.

Ұлбала Қалмұратова – қоныс аударушы

Жасым үлкен демедім, көшіп келдім. Ауа райы да, халқы да ұнады. Міне, келіндерім де осы жақта. Бәрі жақсы, шүкір.

Ауыл адамдары тату-тәтті тірлік кешуде. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, оңтүстіктен келген халық расында ауылға тың серпін әкелген. Мәселен, бұрындары жерге тек картоп ексе, қазір қоныс аударушыларға қосылып, қияр, қызанақ, қарбыз, асқабаққа дейін өсіріп жатқандар бар. Сондықтан, келем деген ағайынға ауылдан да, көңілден де орын табылады, - дейді тұрғындар.

Тұрсынзада Әсембеков – Қараоба ауылының тұрғыны

Мен бұл ауылда туып –өстім. Бұрындары халық көп еді. Қазір тұрғындар азайып, ауыл тіршілігі тоқтай бастаған. Оңтүстіктен адамдар көшіп келіп, қайта жан біте бастады. Көшіп келген ағайын өте жақсы азаматтар. Біз оларды ауылға үйретіп жатырмыз, олар бізге қазақша үйретіп жүр.

Қараобаның ерекшелігі, солтүстік өңір болғанымен, ауа райы шаруаға жайлы. Оны есепке алған қоныс аударушы отбасылар мемлекеттен қайтарымсыз несие алып, шаруа бастап отыр. Бірі мал бақса, енді бірі несібесін жерден айырып отыр.

Д.НАХЫПБЕК

Тақырып бойынша материалдар

АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНА МАМАНДАР ҚАЖЕТ
21:24, 20 қыркүйек 2019
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНА МАМАНДАР ҚАЖЕТ
Толығырақ...
В ОБЛАСТИ ГРАЖДАНСКОЙ ОБОРОНЫ ТРЕБУЮТСЯ СПЕЦИАЛИСТЫ
21:16, 20 қыркүйек 2019
В ОБЛАСТИ ГРАЖДАНСКОЙ ОБОРОНЫ ТРЕБУЮТСЯ СПЕЦИАЛИСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА МЕЙІРЖАН ШЕРМАҒАМБЕТОВТІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ
17:44, 19 қыркүйек 2019
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА МЕЙІРЖАН ШЕРМАҒАМБЕТОВТІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ
Толығырақ...
В ОБЛАСТИ ГРАЖДАНСКОЙ ОБОРОНЫ ТРЕБУЮТСЯ СПЕЦИАЛИСТЫ
21:16, 20 қыркүйек 2019
В ОБЛАСТИ ГРАЖДАНСКОЙ ОБОРОНЫ ТРЕБУЮТСЯ СПЕЦИАЛИСТЫ
Толығырақ...
МАҚТА ҚҰНЫ 150 ТЕҢГЕДЕН КЕМ БОЛМАЙДЫ
12:47, 19 қыркүйек 2019
МАҚТА ҚҰНЫ 150 ТЕҢГЕДЕН КЕМ БОЛМАЙДЫ
Толығырақ...