ШҰҒЫЛ! САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАДЫ Толығырақ

КОВОРКИНГ БІЛІМ ОРТАЛЫҒЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

18:02, 5 қыркүйек 2019

Бүгін, Бесінші Қыркүйек Қазақстан халқының тілдер мерекесі. Осыған орай орталық Абай атындағы кітапханада коворкинг білім орталығы іске қосылды. Енді мұнда шымкенттік әрбір тұрғынның демалысын руханиятпен байланыстырып өткізуе алады.

Орталық Абай атындағы кітапханадағы Қазақстан халқының тілдер мерекесіне орай  ашылған коворкинг білім орталығы «Нұр Отан» партиясы Шымкент қаласы филиалының қолдауымен ашылып отыр. Білім  орталығы кітапханаға келген әр жанұяның сүйікті демалыс орнына айналады деп күтілуде. Орталық замануи үлгіде жабдықталған. Балалардың бос уақыттарын тиімді өткізуге барлық жағдайлар жасалған. 

 Бахадыр Нарымбетов – «Nur Otan» партиясы Шымкент қаласы филиалы  төрағасының бірінші орынбасары  

Рысбай Иссамудин – Шымкент қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы

Кітапханаларда жастарға арналған қызықты лекциялар ұйымдастырылып, пікірталас алаңдары және тағы басқа игі бастамалар қызмет ететін болады. Сонымен қатар, мұнда интернет, тегін вай-фай тіпті өлең айтып сергіп аламын деген оқырмандарға тегін караоке қарастырылған. 

Гүлжан Садық - Орталық Абай атындағы кітапхананың әдіскері

Жаңа партиялық жоба отандық кітапханаларды заманауи білім орталықтары ретінде қайта құруды мақсат тұтқан. Бірыңғай онлайн кітапхана жүйесін қалыптастырып, еліміздегі барлық кітап қорын электронды форматқа көшіруді көздейді. Сонымен қатар кітап оқитын қоғамды қалыптастыру да басты назарда болып отыр.

Нұрсұлтан   Әбдірашит                

 

Тақырып бойынша материалдар

МҰҒАЛІМДЕР АРТЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ТАРТЫЛМАЙДЫ     
19:53, 1 маусым 2020
МҰҒАЛІМДЕР АРТЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ТАРТЫЛМАЙДЫ     
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
16:11, 29 мамыр 2020
МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
Толығырақ...
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН  69 АДАМ   ТІРКЕЛДІ
14:09, 26 мамыр 2020
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 69 АДАМ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...