ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ ҰСЫНЫЛДЫ

15:59, 16 мамыр 2019

Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс 49 сессиясы өтті. Күн тәртібінде ҚР Парламенті Сенатының шығып қалған депутаттың орнына кандидат ұсынылуы қажет еді. Бұл жауапты лауазымға «Nur Otan» партиясы фракциясының атынан Айгүл Қаппарованың кандидатурасы ұсынылды.

 Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс 49 сессиясы өтті. Жиынға 25 депутат қатысты. Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Алғаш Шымкент қаласынан ҚР Парламенті Сенаты депутатының орнына кандидат ұсыну мәселесі қаралды. «Нұр Отан» партиясының фракция жетекшісі Бекайдар Төлегенов бұл ретте «Шымкент Медиа» МКК директоры-бас редакторы Айгүл Қапбарованың кандидатурасын ұсынды.

 Бекайдар Төлегенов – Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясының фракция жетекшісі

-Айгүл Жарылқасынқызы еңбек жолын 1997 жылы облыстық телерадиокомпаниясының редактор-тілшісі болып бастаған. Одан кейін «Оңтүстік Қазақстан» газетінің саясат бөлімінің меңгерушісі болып істеді. Бүгінде «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС директор-бас редакторы қызметтерін абыроймен атқарып келеді.Құрметті депутаттары аталған кандидаттың қолдауға шақырамын.

Мәслихат депутаттары бұл ұсынысты бірауыздан қолдады. Ал, Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов үміткер Айгүл Қапбарованың  Сенат депутаты болуға лайықты екенін атап өтіп, алдағы жауапты қезеңге сәттілік тіледі.

Ғабидолла Әбдірахымов - Шымкент қаласының әкімі

– Айгүл Жарылқасынқызы – тәжірибесі толысқан, бұл лауазымға жан-жақты дайын кандидат. Қаланың дамуына өз үлесін қосып келеді. Жоғарғы заң шығарушы органда да өз біліктілігін көрсетеді деп ойлаймын.

: Ал, Сенатқа кандидатурасы ұсынылған Айгүл Қапбарова өзінің биік мінберге ұсынылуын  жалпы жұртшылықтың журналистикаға деген дұрыс көзқарасын аңғартады дейді. Сенімге селкеу түсірмеу үшін аянып қалмайтынын алға тартты.

Айгүл Қаппарова – «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС директоры

-Қала активіне, депутаттарына зор құрметімді білдіремін. Заң шығарушы органда өзімнің осы уақытқа дейінгі алған тәжірибемді, білімімді қолданамын деп ойлаймын. Сенімді ақтау жолында аянып қалмаймын.

Мұнан соң, мәслихат депутатары жергілікті мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жүзеге асатын жобалардың тізбесін бекітті. Ал, соңғы мәселе бойынша Шымкент қаласы бойынша тексеру комиссиясының мүшесін тағайындау мәселесі қаралды. Бұл лауазымға Айтуар Балықбаев ұсынылды.

Р.Бақытжанқызы

Тақырып бойынша материалдар

САЙЛАУАЛДЫ ДАЙЫНДЫҚ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
17:52, 21 мамыр 2019
САЙЛАУАЛДЫ ДАЙЫНДЫҚ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ТҮЛЕКТЕР БАНКЕТТЕН БАС ТАРТУДА
13:44, 16 мамыр 2019
ТҮРКІСТАНДЫҚ ТҮЛЕКТЕР БАНКЕТТЕН БАС ТАРТУДА
Толығырақ...
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МИЛЛИОНДАП БОНУС АЛУДА
11:40, 17 мамыр 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МИЛЛИОНДАП БОНУС АЛУДА
Толығырақ...