ШҰҒЫЛ! ТАРИХИ-МҰРАЛАР ЗАҢМЕН ҚОРҒАЛАДЫ Толығырақ

ҚР ЖУРНАЛИСТЕР ОДАҒЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ТӨРАҒАСЫ САЙЛАНДЫ

17:09, 11 қаңтар 2019

Бүгін ҚР Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының тұңғыш төрағасы сайланды. Бұл лауазымға Ғалымжан Елшібай лайық деп танылды. Белгілі журналист, қоғам белсендісі журналистер қолдауына ие болып, жаңа облыс орталығындағы қоғамдық бірлестікке төраға болды.

Түркістан облысының тарихында тұңғыш рет Қазақстан Журналистер Одағы облыстық филиалының құрылтай жиыны өтті. Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Бірқатар ұсыныстар жасалған соң, филиал төрағалығына жалғыз үміткер - ел газеті «Егемен Қазақстанның» өңірдегі өз тілшісі, Қазақстан журналистер одағының белсенді мүшесі Ғалымжан Елшібай дауысқа түсті. Татулықты ту еткен Түркістан өңірінің тілшілері бір ауыздан Ғалымжан Қамытбекұлын ҚР Журналистер одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы етіп сайлады.

Түркістан облысында 78 БАҚ өкілдері бар. Оның ішінде 55-і газет, 7 телеарна, 1 радио мен 15 әлеуметтік сайт жұмыс істейді. Халықтың һәм құлағы, көзі саналатын төртінші билік өкілдері қай кезде болмасын, халыққа ақпаратты бірінші болып жеткізуді көздейді. Бұл орайда осы лауазымға лайық деп танылған Ғалымжан Елшібай аталған бірлестікте бірігіп еңбек етсек, нәтижелі жетістікке жететініне сенім білдірді.  

Ғалымжан Елшібай – ҚР Журналистер Одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы

Жаңадан құрылған бірлестіктің тексеру комиссиясына 3, кеңес құрамына 9 журналист енді. Жиын барысында бірқатар ұсыныс-пікірлер айтылып, алдағы уақытқа жүйелі жоспарлар түзілді.  

А.БИДАН

Тақырып бойынша материалдар

ТҮРКІСТАННЫҢ ТАРИХЫ - БАР ҚАЗАҚТЫҢ ТАРИХЫ
19:22, 23 наурыз 2019
ТҮРКІСТАННЫҢ ТАРИХЫ - БАР ҚАЗАҚТЫҢ ТАРИХЫ
Толығырақ...
«ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ - ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТТЫҢ  МАҢЫЗДЫ МІНДЕТІ»
19:21, 23 наурыз 2019
«ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ - ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТТЫҢ МАҢЫЗДЫ МІНДЕТІ»...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ МЕЙРАМДЫ ТОЙЛАДЫ
12:21, 20 наурыз 2019
ШЫМКЕНТ УНИВЕРСИТЕТІ МЕЙРАМДЫ ТОЙЛАДЫ
Толығырақ...
ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ КЕНТАУДАҒЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
21:34, 19 наурыз 2019
ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ КЕНТАУДАҒЫ МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
Толығырақ...