ШҰҒЫЛ! 660 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ Толығырақ

КРЕДИТТЕР КЕШІРІЛУДЕ

13:50, 9 қыркүйек 2019

Алғыс алған - арымас. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығы бойынша, қазақстандықтардың қарызы мен өсімпұлдары мемлекет есебінен өтеліп жатыр. Банктерден әлеуметтік тұрмысы төмен жандардың ұялы телефонына қарызы өтелгені жөнінде хабарламалар келуде.

2019 жылдың 4-ші қыркүйегінен бастап, әлеуметтік тұрмысы төмен жандардың  300 мың теңге көлемінде берешегі кешіріле бастады. Ол Қазақстанның борыштық жүктемесін төмендетуге, несие-қаржы жүйесін жетілдіруге бағытталған. Қарыздары өтелгендер мемлекет басшысына өз алғысын білдіруде.

Мөлдір Болысбек – Шымкент қаласының тұрғыны

-Мен Каспий банктен кредит алғам. Жарты жылдай болып қалды. Жалпы 188 мың теңге. Соның бәрін жапқан. Маған 250 мың аударылған. Менің счетыма қалған 140 мың түскен Каспий голдыма. Соны алуға келдім. Сол үшін мемлекетке, президентімізге мың да бір алғыс.

Қарызы өтелетіндер қатарына әлеуметтік тұрмысы төмен яғни көпбалалы жанұялар, мүгедек балалары бар отбасылар, ата-анасынан кәмелеттік жасқа дейін айрылған, 29 жасқа толмаған жетім балалар жатады. «Бұл біз үшін үлкен көмек дейді" көпбалалы ана .

Балжан Полатбекқызы - Шымкент қаласының тұрғыны  

-4 ұлым бар. Желтоқсан айында кредит алдым. 70 мың ақша. Содан президент құтылып берді. Счетыма қалған 22 мың аударылды. Осы мемлекетімізге осылай көмек беріп, көпбалалыларға көмектесіп жатқанына көптен-көп рахметімді айтамын.

Өтеу жұмыстары әлі де жалғасуда. Ол үшін бірінші, сіздің телефон нөмеріңізге хабарлама келеді. Ол дегеніңіз – сіздің әлеуметтік топтың қатарында екендігіңізді білдіреді. Егер, қандай да сұрағыңыз болса  enbek.gov.kz сайтына кіріп немесе 111 телефонына хабарласып білсеңіз болады. Айта кетейік, аталған көмек Болашақта тұтынушылық несие беру шарттары мен несие алушыларға қойылатын талаптарды күшейту жоспарлануда.  Ескертетін жайт аталмыш шара - бір реттік.

Әлішер Әлімжан                                               

Тақырып бойынша материалдар

СӘБИЛЕРГЕ ҚУАНЫШ СЫЙЛАҒАН КӘСІПОРЫН
18:16, 20 қыркүйек 2019
СӘБИЛЕРГЕ ҚУАНЫШ СЫЙЛАҒАН КӘСІПОРЫН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА МЕЙІРЖАН ШЕРМАҒАМБЕТОВТІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ
17:44, 19 қыркүйек 2019
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА МЕЙІРЖАН ШЕРМАҒАМБЕТОВТІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ
Толығырақ...
ҚОС ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ҮСТІНЕН ІС ҚОЗҒАЛДЫ
14:14, 17 қыркүйек 2019
ҚОС ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ҮСТІНЕН ІС ҚОЗҒАЛДЫ
Толығырақ...