ШҰҒЫЛ! 284 МЫҢҒА ЖУЫҚ ШЫМКЕНТТІК 42 500 ТЕҢГЕДЕН АЛДЫ Толығырақ

КРЕДИТТІ КЕЙІН ТӨЛЕСЕ БОЛАДЫ

19:24, 31 наурыз 2020

Елде жарияланған төтенше жағдайға байланысты банкке берешегі бар қазақстандықтардың барлық кредитін төлеу кейінге қалдырылған болатын. Өйткені карантиннің кесірінен елдегі кәсіпкерлік нысандардың 80% жұмысын тоқтатты. Халық табыс көзін жоғалтты, отбасыға кіретін кірісі азайды.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай бастамаға банктердің түсіністікпен қарайтынына сенім білдірген еді.

Қасым-Жомарт Тоқаев – Қазақстан Республикасының Президенті

Банктер бұған түсіністік танытады деп ойлаймын. Қазір көптеген азамат қаржылық жағдайының қиындауына байланысты банктік емес ұйымдарға, ломбардтарға, онлайн кредиторларға, микроқаржылық ұйымдарға кепілсіз несие алу үшін жүгінуге мәжбүр. Сондықтан бұл саланы тәртіпке келтіру маңызды. Қиын жағдайда әрбір қазақстандық өзінің мемлекет тарапынан қорғалатынына сенімді болуы қажет.

Қауіпті дерттің салдарынан отандық бизнес те дүлей дауылға тап болғандай күй кешуде. Карантиннің салдарынан кәсіпкерлік нысандардың 80% жұмысын тоқтатты. Шамамен 500 мыңдай адам жұмысынан айырылды. Президент тапсырмасына сәйкес, карантин кезінде жұмыстан босаған немесе ақысыз демалысқа шыққан, сондай-ақ кірісі төмендеген азаматтарға 16 наурыздан кейін өтелуі тиіс төлемдері 90 күнге тоқтатылды. Ескерте кетейік, несие төлемі кешірілген жоқ, тек кейінге шегерілді.

Әбілқазы  Қалназаров – Қаржы нарығын реттеу және дамыту агентігінің Шымкент қаласындағы  өңірлік өкілдер басқармасының басшысы

Осындай жағымды жаңалықтан соң барша қала тұрғындары өңірде орналасқан банктерге жаппай ағылуда. Барлық қаржы қызметкерлері тұрғындарыдың талап-тілектерін тыңдап, тиісті шараларды қолға алған. Еліміздегі қазіргі көңіл көншітпейтін кезеңде кәсібі тоқтап, несиесін төлеуге қиналған азаматтар үшін қабылданған бұл шешімнің оң пайдасы тиді. Қиын кезеңде қолдау білдірген Мемлекетке тұрғындар алғыстарын айтуда.

Жадыра Ғалымқызы – қала тұрғыны

Рақмет, осындай кезде несиеміз шегеріліп, қолда болып жатқандарына алғыс білдіреміз.

Айтып өтейік, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен I, II топтағы мүгедектер, алтын және күміс алқа иегерлері мен толық емес отбасылар растау құжаттарынсыз ешқандай келісімдерге қол қоймай-ақ, төлемдерін үш айға шегерте алады.

Перизат Ортай

Тақырып бойынша материалдар

2448 ЖЕР УЧАСКЕСІ  МЕМЛЕКЕТ МҰҚТАЖЫНА ҚАЙТАРЫЛАДЫ
18:26, 29 мамыр 2020
2448 ЖЕР УЧАСКЕСІ МЕМЛЕКЕТ МҰҚТАЖЫНА ҚАЙТАРЫЛАДЫ
Толығырақ...
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІҢ ЖҰМЫСЫ ЖАҚСАРЫП, ТИІМДІЛІГІ АРТАДЫ
18:21, 29 мамыр 2020
ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДІҢ ЖҰМЫСЫ ЖАҚСАРЫП, ТИІМДІЛІГІ АРТАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН  69 АДАМ   ТІРКЕЛДІ
14:09, 26 мамыр 2020
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 69 АДАМ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...