ШҰҒЫЛ! 660 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ Толығырақ

КҮДІКТІ ҚҰРЫҚТАЛДЫ

15:14, 15 наурыз 2019

Түркістан қаласының полиция қызметкерлері дүкен тонаған азаматты құрықтады. Күдікті дүкеннің есігін бұзып кіріп, азық-түлік пен жарты милионнан астам ақшаны қолды еткен. Бұл туралы жергілікті тұрғын қалалық полиция бөліміне арызданған.

Қылмысты ашу үшін облыс орталығындағы полиция қызметкерлері  арасынан жедел-тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшылары  күдіктілердің түр тұлғасын анықтау үшін аулаларды аралап, басқа да қажетті шаралардың барлығын іске асырды. Ақыры төгілген тер текке кетпеді. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде қалалық полиция басқармасының қызметкерлері күдікті ретінде жергілікті тұрғынды ұстады. Тергеу барысында ұсталған азаматтың бұдан бөлек 10-ға жуық ұрлыққа қатысы бар екендігі анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы көлемі  миллионнан астам теңгені құрап отыр. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша  ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша іс қозғалды.

АБАЙЛАҢЫЗ, БАЛАЛАР!

Көктем шыға Түркістан облысында   жол көлік оқиғаларының алдын алу шаралары күшейтілуде.  Бәйдібек АПБ қызметкерлерімен «Абайлаңыз, балалар» атты жедел-профилактикалық іс-шарасы болып өтті. Аталған шараға  аудандағы бірқатар білім ордалары қамтылды.   Білім ұяларының   алдында оқушыларға, жасөспірімдерге жол бойында арнайы түсіндірме жұмыстары өткізілді. Мұндай іс-шаралардың мақсаты балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жасөспірімдердің  жолда жүру қауіпсіздігіне байланысты жолда жүру ережелерін түсіндіру.

Іс-шара барысында оқушыларға, жасөспірімдерге жол белгілерін ажырата білу, жаяу жүргінші  жолағынан өткенде абай болу керектігі түсіндірілді.  Полицейлер балалармен бірге жолдан өтіп, көлік пен бағдаршамның, жолда жүру ережесін қатаң сақтаудың, жаяу жүргінші жолағының, тротуардың қаншалықты маңызды екендігін айтып ұғындырды. Балалармен болған жол көлік оқиғасы көп жағдайда балалардың аңғалдығы мен  ұялы телефон пайдалану ережесін сақтамаудан  орын алып жатады. Сондықтан да өз кезегінде облыс полицейлері ата-аналарға баларына үнемі жолда жүру ережелерін барынша естеріне салып, мейлінше қадағалап отыру керектігін айтады.

А.Ізтай                                                                                          

 

Тақырып бойынша материалдар

ЖӘРМЕҢКЕ АЛУШЫҒА ДА, САТУШЫҒА ДА ТИІМДІ
17:30, 13 қыркүйек 2019
ЖӘРМЕҢКЕ АЛУШЫҒА ДА, САТУШЫҒА ДА ТИІМДІ
Толығырақ...
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ
17:30, 13 қыркүйек 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ШАРДАРАЛЫҚ СПОРТШЫЛАРҒА ҚОЛДАУ КӨ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар