ШҰҒЫЛ! ЕЛБАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ (ТОЛЫҚ НҰСҚА) Толығырақ

Құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды

18:18, 7 желтоқсан 2017

Бүгін Шымкенттегі «Нұр Отан» партиясының облыстық филиал ғимаратынан құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды. Салтанатты рәсімге ҚР Бас Прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов арнайы қатысты. Жаңа орталықтың тұрғындар үшін маңызы зор. Онда 10-нан астам мемлекеттік мекеменің мамандары азаматтарға 22 бағытта, кәсіби құқықтық көмекті тегін көрсетеді. Заманауи орталық «бір терезе» қағидатына сай негізделген.

Орталықта 11 мемлекеттік мекеменің ең білгір, тәжірибелі мамандары жұмыс істейді. Олар - прокурорлар, адвокаттар, медиатор, нотариус, мемлекеттік кірістер органдары мен әкімдік қызметкерлері. Тіпті, жаңа жүйе бойынша азаматтарға психологиялық қолдау білдіретін мамандар да бар.

Ашықтық пен жариялылық. Басына іс түскен тұрғындарды әуре-сарсаңға салмай, жедел түрде құқықтық көмек көрсету. Орталықты ашудағы басты мақсат та осы.  Әрі халықтың құқық қорғау органдарына деген сенімін ұлғайту да бірінші кезекке қойылған. Салтанатты шарада Бас прокуратура өкіліне көрсетілетін қызмет түрлері мен жұмыс кабинеттері таныстырылды.

Құқықтық қызметтер орталығының ашылуы - Елбасы тапсырмасын орындаудағы оңды істің бірі. Өйткені, Ұлт Жоспарының 100-ші қадамында құқықтық қызмет көрсетуді бір жерге шоғырландыру мәселесі жүктелген болатын. Ведомство орынбасары Марат Ахметжанов орталық құрылымына оң бағасын берді. «Көрсетілетін қызметтердің мән-маңызы жоғары. Әрі бұл жүйе жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың тамырына балта шабуға септеседі»,- деді.

Құқық қорғау қызметтері орталығы қазіргі заманға сай инженерлік – техникалық қондырғылармен жарақталған. Электронды кезек жүйесі енгізілген. Күту залы, «Конекшн пойнт», яғни, өз-өзіне қызмет көрсету секторы да жұмыс істейді. Шара барысында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев сала басшыларына орталық қызметінің сапасына баса мән беруді жүктеді.

Президенттің бағдарламалық мақаласында әрбір қазақстандықтың санасын, қоғамды тұтастай жаңғыртудың бірнеше бағытын атап өтті. Бұл - прагматизм, сананың ашықтығы, сонымен қатар, бәсекеге қабілеттілік. Бүгінгі ашылып отырған орталықтың да басты міндеті - атқарушы және құқық қорғау органдары мен халықтың арасындағы ашықтықты қамтамасыз ету. Ал, бұған дейін құзырлы орган жанынан азаматтарды қабылдау орталығы ашылып, саладағы жұмыс бір ізге түсті. Аз ғана уақыттың ішінде 752 азаматтың арыз-шағымы тіркеліп, соның жартысынан көбіне консультативті кеңес берілді. Сөйтіп, жеке қабылдауға жазылатын халықтың саны 3 есеге азайды.

ГҮЛСАНАТ Қалмырзақызы                                         

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫСТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОП ШАРДАРАДА
20:44, 19 қазан 2018
ОБЛЫСТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТТЫҚ ТОП ШАРДАРАДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ОТЫРАР  ФРАНЦИЯЛЫҚ ҒАЛЫМДАРДЫ  ТАМСАНДЫРДЫ
13:29, 15 қазан 2018
ОТЫРАР ФРАНЦИЯЛЫҚ ҒАЛЫМДАРДЫ ТАМСАНДЫРДЫ
Толығырақ...