ШҰҒЫЛ! АРЫС ҚАЛАСЫ 1-ШІ ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛЕДІ Толығырақ

КҮРЕС ТҮРЛЕРІНЕН ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДА АЯҚТАЛДЫ

15:06, 11 ақпан 2019

Шымкентте күрестің грек-рим,еркін және әйелдер күресінен жазғы спартакиада аяқталды. Түркістан облысының балуандары 1 алтын, алаң иелері 3 алтын, 1 күміс және 5 қола медальді жеңіп алды. Сонымен қатар Шымкентте волейболдан халықаралықтурнир болып өтті.Оған Ресей,Өзбекстан,Қырғызстан және Қазақстанның 7 командасы қатысты.

Он күн бойына жалғасқан күрес түрлерінен әр облыс өз мықтылығын танытты. Құрамаға мүше барлық балуандар бағын сынап көрді. Грек –рим күресі бойынша Әбдірахман Арқарбеков баптайтын Шымкент қаласының командасы 2 алтын,4 қола медалмен бас жүлдені жеңіп алды. Алматы облысы ман Алматы қаласы жүлделі орында.Түркістан облысының балуаны Жолдыбай Тоқбаев өз мықтылығының арқасында   алтын медалға қол жеткізді.  Әйелдер күресінде Алматы облысының арулары қарсылас шақ келтірмеді. Алаң иелері бір ғана қоламен шектелді. Астана мен Алматы балуандары жүлделі орындарды  бөлісті. Еркін күрес шеберлері арасында Олимпиаданың күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев басшылық жасайтын Алматы облысы ешкімге мүмкіндік бермеді. Алматы қаласы екінші болса,Қызылорда үшінші орынға ие болды. Спартакиада енді басқа спорт түрлерімен жалғасады.

ВОЛЕЙБОЛДАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР 

 Шымкент қаласы мегополис атанғалы әлемдік рангідегі жарыстар өткізу қолға алына бастады. «Марс» спорт кешенінде 4 Мемлекеттің командалары қатысқан аламан жарыс болып өтті. Халықаралық турнир белгілі волейболшы,кезінде облыс құрамасының капитаны болған даңқты спортшы  Пердебай Мырзашүкіровтің жүлдесіне арналды. Үш топ бойынша өткен іріктеу сайыстарында жеңіп шыққан Қызылорданың «Қайсар» командасы, Түркістан облысының Көлік инспекциясы және Шымкенттің «Жанар май» командалары өз ара кездесу өткізіп нәтижесінде Батырсейіт Қайырлыбаевтай дара спортшысы бар шымкенттіктер бас жүлдеге иелік етті. Қызылорда облысы екінші,Түркістан облысы үшінші орынға табан тіресе,Өзбекстанның жастар құрамасы төртінші орыннан көрінді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді турнир иесімен қатар,жарыстың бас төрешісі Қуанышбек Наханов арнайы сыйлықтармен марапаттады. Ендігі меже жазғы спартакиада ойындары болмақ.

Ілияс Жолдас                                                                            

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

БАС ДӘРІГЕРЛЕР  КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
12:38, 17 шілде 2019
БАС ДӘРІГЕРЛЕР КЕҢ КАБИНЕТТЕРІН БОСАТТЫ
Толығырақ...
СОЗАҚ ДИҚАНДАРЫ ҚАУЫН-ҚАРБЫЗ ЭКСПОРТТАУДА
12:26, 18 шілде 2019
СОЗАҚ ДИҚАНДАРЫ ҚАУЫН-ҚАРБЫЗ ЭКСПОРТТАУДА
Толығырақ...