ШҰҒЫЛ! ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫ СЫН КӨТЕРМЕЙДІ Толығырақ

«ҚҰРТ АУРУЫНА ЖАҢА ДӘРІЛЕР АЛЫНАДЫ»

12:35, 17 шілде 2019

2012 жылы АҚШ пен Жапонияда туберкулез ауруын емдеуге жаңа дәрілер жасап шығарған. Енді сол дәрі-дәрмектер біздің облыстың да науқастарды емдеуге қолданылмақ.Қазақстан 2015-ші жылдан бері қарай емдеу шараларына пайдаланған ғылыми жетістікті біздің өңір 2017-ші жыл тәжірибеге енгізген. Нәтиже жоғары. Енді сала мамандары бұл препаратты алуға тапсырыс беріп жатыр.

Күнгейлі өңірде құрт ауруымен аурушаңдық пен өлім жітім көрсеткіші алдыңғы жылдармен салыстырғанда едәуір төмендеген. Ал жаңадан енгізілетін препараттар арқылы тағы да жоғары нәтижелерге қол жеткізуге болады. Түркістан облыстық түберкулезге қарсы диспансері 2017 жылдан бері 106 науқасқа осы дәрілерді тұрақты пайдаланып келген. Нәтижесі өте жақсы дейді,-дәрігерлер. Ауруынан айыққан емделушілердің де көңілі көтеріңкі. Мұны көрген науқастардың дертті жеңуге деген ынтасы артқан. Енді құрт ауруына шалдыққандарды емдеуде бұл препараттар арнайы енгізілетін болады. Шымкентте Жаһандық қордың ұйымдастыруымен құрт ауруларын қысқа мерзімде емдеу тақырыбында семинар өткізілді.

 Шахризада Аимбекова - Түркістан облыстық түберкулезге қарсы диспансері  І-терапия бөлімінің меңгерушісі /

Тақырып бойынша материалдар

ШЕТЕЛДІК ЖУРНАЛИСТЕР  АЙМАҚТЫ АРАЛАУДА
16:34, 16 тамыз 2019
ШЕТЕЛДІК ЖУРНАЛИСТЕР АЙМАҚТЫ АРАЛАУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
13:13, 13 тамыз 2019
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ Б...
Толығырақ...