ШҰҒЫЛ! ТАБИҒИ ГАЗДАН УЛАНЫП 7 АДАМ ҚАЙТЫС БОЛДЫ Толығырақ

ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫ ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАНДЫ

18:33, 22 мамыр 2020

Мақтаарал ауданы Мырзакент кентіндегі құрылыс алаңы дезинфекцияланды. Мақсаты - әртүрлі инфекциялық аурулардың ел ішінде таралуын болдырмау. Сондай-ақ, далалы жерде кездесетін қан сорғыш жәндіктерді жоюға бағытталған. Бұл туралы аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бөлім басшысы Гаухар Сәулебекова мәлімдеді.

Қазіргі таңда Мырзакент кентінде жаңадан елдімекен бой көтеріп, онда 500-ден астам үй салынуда. Соған байланысты қауіп қатерді болдырмау үшін залалсыздандыру жұмыстары жүріп жатыр.  Далалы жерлерде кене, бүрге сияқты зиянды жәндіктер жиі кездесетіні белгілі. Сондықтан мұндағы құрылысшылар мен көшіп келетін халықтың қауіпсіздігі ас маңызды.  Құрылыс алаңына арнайы дайындалған дәріні шашу үшін 3 маман жұмылдырылған. Айта кетейік, бұған дейін арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген қызметкерлер су басқан Фирдоуси және Өргебас ауылдарына да залалсыздандыру жұмыстарын жүргізген. Алдағы күндері қалған елдімекендерде де профилактикалық шаралар қолға алынатын болады.
М.ӘСЕМБЕК                                                                           

Тақырып бойынша материалдар

«НR - PROCESS» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ БОС ОРЫНДАРҒА  2 МЫҢНАН АСА ӨТІНІШ КЕЛІП ТҮСКЕН
19:42, 23 қыркүйек 2020
«НR - PROCESS» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ БОС ОРЫНДАРҒА 2 МЫҢНАН А...
Толығырақ...
«ШАХМАТ» АРНАЙЫ ПӘН РЕТІНДЕ ЕНГІЗІЛДІ
18:15, 23 қыркүйек 2020
«ШАХМАТ» АРНАЙЫ ПӘН РЕТІНДЕ ЕНГІЗІЛДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ПАЙЫЗСЫЗ  ПӘТЕРГЕ  ҚОЛ  ЖЕТКІЗ ДЕ, ЖИҺАЗ АЛ !
10:45, 23 қыркүйек 2020
ПАЙЫЗСЫЗ ПӘТЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗ ДЕ, ЖИҺАЗ АЛ !
Толығырақ...
XV ҒАСЫРДА СОҒЫЛҒАН ТҰРҒЫН ҮЙ МЕН КЕСЕНЕ ОРНЫ АНЫҚТАЛДЫ
18:56, 21 қыркүйек 2020
XV ҒАСЫРДА СОҒЫЛҒАН ТҰРҒЫН ҮЙ МЕН КЕСЕНЕ ОРНЫ АНЫҚТАЛДЫ
Толығырақ...