ШҰҒЫЛ! 660 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ Толығырақ

ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫ СЫН КӨТЕРМЕЙДІ

16:03, 16 тамыз 2019

Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов қаладағы ірі құрылыс нысандарды аралап, жұмыстардың баяу жүріп жатқанын айтты. Құрылысқа жауапты мамандардың жұмысты ұйымдастыра алмайтынын сынға алып, ең алдымен сапаға мән беруді тапсырды. Сонымен қатар, құрылыс қарқынын арттырып, мердігерлердің жұмысын ерекше бақылауға алу керектігін де қадап айтты.

Ерлан Айтаханов ең алдымен халықаралық әуежайдың жаңа терминалының құрылыс жұмыстарымен танысты. Сағатына 400 адам қабылдай алатын терминал іске қосылған кезде, жолаушылар ағыны 10 есеге дейін ұлғаяды деп жоспарлануда. Сонымен қатар, Ерлан Қуанышұлы Қызылжар шағынауданындағы А-2 автожолының және А-2 Бадам көпірі мен Д.Қонаев даңғылы құрылыстарының жұмысын көрді. Мұнан кейін әкімге «Қошқар ата» өзені жағалауын абаттандыру, ескі қалашықтағы «Цитадель» жобасы мен Shymkent-City тұрғын алабындағы «Конгресс-Центр» жобасы таныстырылды. Қала әкімі Шымкенттің заманауи жаңа келбетін қалыптастыру үшін қолда бар күштің бәрін біріктіріп, тиімді жұмсау керектігін айтты. Бұдан бөлек әкім құрылысы жүріп жатқан «Бозарық 220/110/10 кВ» қосалқы станциясына барды. Аталған нысан қала шетіндегі шағынаудандарды электр жарығымен қамтамасыз етеді. Қала әкімі жобаны уақтылы аяқтауды тапсырды. Айта кетйік, аталған станция биыл қараша айында пайдалануға беріледі. Нәтижесінде, 250 мың адам тұратын 10 жаңа тұрғын үй алабы үздіксіз электр қуатымен жабдықталады.
Аралау қорытындысы бойынша қала басшысы тиісті салалық жетекшілерге жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарының сапасы мен уақтылы аяқталуына баса назар аударып, бақылауды күшейтуді жүктеді.

Тақырып бойынша материалдар

АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНА МАМАНДАР ҚАЖЕТ
21:24, 20 қыркүйек 2019
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНА МАМАНДАР ҚАЖЕТ
Толығырақ...
В ОБЛАСТИ ГРАЖДАНСКОЙ ОБОРОНЫ ТРЕБУЮТСЯ СПЕЦИАЛИСТЫ
21:16, 20 қыркүйек 2019
В ОБЛАСТИ ГРАЖДАНСКОЙ ОБОРОНЫ ТРЕБУЮТСЯ СПЕЦИАЛИСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА МЕЙІРЖАН ШЕРМАҒАМБЕТОВТІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ
17:44, 19 қыркүйек 2019
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА МЕЙІРЖАН ШЕРМАҒАМБЕТОВТІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ
Толығырақ...
В ОБЛАСТИ ГРАЖДАНСКОЙ ОБОРОНЫ ТРЕБУЮТСЯ СПЕЦИАЛИСТЫ
21:16, 20 қыркүйек 2019
В ОБЛАСТИ ГРАЖДАНСКОЙ ОБОРОНЫ ТРЕБУЮТСЯ СПЕЦИАЛИСТЫ
Толығырақ...
МАҚТА ҚҰНЫ 150 ТЕҢГЕДЕН КЕМ БОЛМАЙДЫ
12:47, 19 қыркүйек 2019
МАҚТА ҚҰНЫ 150 ТЕҢГЕДЕН КЕМ БОЛМАЙДЫ
Толығырақ...