ШҰҒЫЛ! ТАРИХИ-МҰРАЛАР ЗАҢМЕН ҚОРҒАЛАДЫ Толығырақ

ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЕКІ АУЫСЫММЕН ЖҮРУДЕ

12:44, 11 ақпан 2019

Демалыс күндері облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Түркістан қаласындағы бірқатар құрылыс нысандарын аралады. Шаһарда атқарылып жатқан шаруалармен танысты. Аймақ басшысы алдымен, салынып жатқан әкімшілік-іскерлік орталығында болды. Ондағы 48,4 гектар аумаққа бас аяғы 13 нысан салынады.

Қазір әкімшілік іскерлік орталығында басқармалар мен департамент ғимараттарының құрылысы жүріп жатыр. Жұмыстың жай жапсарымен жіті  танысқан облыс әкімі жауаптыларға бұл іске екпін беруді жүктеді.

Жансейіт Түймебаев – Түркістан облысының әкімі

Әкімшілік іскерлік орталықтағы барлық ғимараттардың құрылысын қарқындату керек. Екі ауысыммен 12 сағаттық жүйемен жұмыс істеу қажет. Межеленген жоспар бойынша уақытылы аяқтауды тапсырамын...

Сондай-ақ, Жансейіт Қансейітұлы бастаған топ  7000 орынға шақталған стадионның құрылыс жұмысымен танысты. «Самұрық Қазына» Ұлттық компаниясының тапсырысымен салынып жатқан нысанның жалпы аумағы 26075 шаршы метр. Одан бөлек, 26 және  88 көпқабатты екі тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары да қарқынды. 

Рухани шаһардағы тағы бір маңызды нысанның бірі - Қожа Ахмет Ясауи мұражайы.  Аумағы 3200 шаршы метрді құрайтын бұл ғимарат  та «Самұрық-Қазына» компаниясының тапсырысымен салынып жатыр. Сонымен қатар, Ұлы Дала елі орталығының құрылысы да қатар жүргізілуде.
Құрылыс нысандарын аралап шыққан облыс әкімі жұмысты одан әрі ширатуды тапсырды. Ауа райының қолайлығын тиімді пайдаланып, екі ауысымда жұмыс істеп, жоспардан қалмау керектігін жүктеді.

Г. ҚАЛМЫРЗАҚЫЗЫ                                  

 

Тақырып бойынша материалдар

АВСТРИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ПАРЛАМЕНТАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСЫ НЫҒАЙДЫ
22:39, 22 ақпан 2019
АВСТРИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ ПАРЛАМЕНТАРАЛЫҚ БАЙЛАН...
Толығырақ...
АНАЛАР КЕҢЕСІНДЕ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
18:22, 22 ақпан 2019
АНАЛАР КЕҢЕСІНДЕ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ҚОЛ  КҮРЕСІНЕН ҚАЗАҚСТАН  ЧЕМПИОНАТЫ  БАСТАЛДЫ
12:43, 18 ақпан 2019
ҚОЛ КҮРЕСІНЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
13 ЖАСАР БАЛА 2 СӘБИДІ ӨРТТЕН АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ
17:26, 18 ақпан 2019
13 ЖАСАР БАЛА 2 СӘБИДІ ӨРТТЕН АМАН АЛЫП ҚАЛДЫ
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДА  «ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ»  АШЫЛДЫ
20:28, 20 ақпан 2019
ТҮРКІСТАНДА «ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АШЫЛДЫ
Толығырақ...