ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫН УАҚЫТЫНДА АЯҚТАУ ҚАЖЕТ

14:07, 4 қыркүйек 2019

Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен Арыс қаласында шаһарды төтенше жағдайдан кейін қалпына келтіру жұмыстарын аяқтау бойынша аппараттық жиын өтті. Басқосуға секторларға жауапты барлық облыс әкімдігінің өкілдері, Түркістан облыстық басқарма басшылары мен аудандық әкімдік мамандары қатысты. Кездесуде Түркістан облысы Құрылыс басқармасының басшысы Ербол Ахметов Арыс қаласындағы құрылыс-жөндеу жұмыстары жайында баяндама жасады.

 "Арыс қаласында орналасқан 7,8,9,10 және 11-ші секторларда  зақымдалған 2975 үй бар. Оның ішінде, жөндеуді қажет ететін 2568 жеке және 73 көпқабатты, сонымен қатар, жаңадан салынып жатқаны 334 үй. Қазір  осы секторларда 94 мердігер компания, 180 техника және 2505 жұмысшы жұмылдырылған. Түркістан облысына тиесілі 7-секторда зақымдалған 478 үй орналасқан. Бүгінгі күнге жөндеуді қажет ететін жеке және көпқабатты тұрғын үйлерде жұмыстар аяқталды. Шығыс Қазақстан облысына қарасты 8-секторда зақымдалған 537 үй бар. Жөндеуді қажет ететін 5 үйдің сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. 20-қыркүйекте пайдалануға тапсыру жоспарланған. Ал Нұр-Сұлтан қаласының 9-секторында 696 үй бар. Бүгінгі күнге 249 жеке және 31 көпқабатты үйдің сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстары қолға алынды. 160 баспананың кірпішін қалауда.Шымкент қаласына тиесілі 10-секторда – 636 үй орналасқан. Қайта салынып жатқан 56 үйдің 4-і пайдалануға тапсырылып, қалған үйлерде кірпіш қалау жұмыстары жүргізілуде. Ал Батыс Қазақстан облысына тиесілі 11-секторға берілген 627 үйдің  құрылысы аяқталған. Жиынды қорытқан Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев барлық сектор жауаптыларына құрылыс жұмыстарын уақытында аяқтау қажеттігін нықтап тапсырды.

Ә. Дәулетбекқызы                                                       

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ 70-КЕ ЖУЫҚ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ ЖАЗЫЛҒАН БИЛБОРДТАР ІЛІНДІ
13:53, 13 қазан 2019
ШЫМКЕНТТЕ 70-КЕ ЖУЫҚ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ ЖАЗЫЛҒ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар