ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

ҚҰРЫЛЫСҚА АТСАЛЫСҚАН БЕЛСЕНДІЛЕР МАРАПАТТАЛДЫ

13:49, 9 қыркүйек 2019

Арыс қаласын қайта түлетуге белсене араласқан құрылысшылар мен еріктілерге алғыс хаттар табысталды. Алматы облысы мен Бәйдібек ауданы әкімдігінің қызметкерлері де құрмет төрінен көрініп, халықтың ыстық ықыласына бөленді.

Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары 17 секторға бөлініп, облыс пен аудандарға тапсырылған болатын. Соның бірі Алматы облысы мен Бәйдібек ауданына қарасты №15-сектор. Аумағында 812 үй бар. Оның 90 пайызы жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Бір үй өртеніп, тағы біреуі апатты деп танылған. Бүгінде сол үйлерді қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.

Бақытбек Танагөзов – Бәйдібек ауданының әкімі

Елдің ынтымағына, ауызбіршілігіне зор ықыласымды білдіремін.Бірлігі жарасқан ел екендігімізді көрсеттік.

 Арыс қаласындағы құрылыс жұмыстарына белсене араласқан құрылысшылар, еріктілер, арнайы алғыс хаттармен марапатталды. «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының медальдары салтанатты түрде табысталды.

Бұл күні тұрғындар мен құрылысшыларға арнап, ақ дастархан жайылды. Мәдениет үйі өнерпаздары концерттік бағдарлама ұйымдастырып, жиылған жұртқа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Ә. Дәулетбекқызы                                                                                     

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ 70-КЕ ЖУЫҚ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ ЖАЗЫЛҒАН БИЛБОРДТАР ІЛІНДІ
13:53, 13 қазан 2019
ШЫМКЕНТТЕ 70-КЕ ЖУЫҚ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ ЖАЗЫЛҒ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар