ШҰҒЫЛ! «Астана» тұрғынүй кешені пайдалануға берілді Толығырақ

Құрылысшылар күні тойланды

17:28, 11 тамыз 2017

Тамыздың екінші жексенбісі - елімізде құрылысшылар күні. Биыл бұл мерекені облысымызда 10 мыңға жуық маман атап өтуде. Бүгін солардың бір парасы марапат алып марқайды. Ал, тағы бір легі «Көрме орталығында» өздері өндірген құрылыс материалдарын көпшілік назарына ұсынды.

     Құрылысшылар күніне орайластырылған көрмеге 80-нен астам тауар өндірушінің өнімдері қойылды. Барлығы да - күнделікті тұрмыста сұранысқа ие өнімдер. Келушілер әр қадам жасаған сайын  таңданыстарын жасыра алмауда.  

     Ал, негізгі салтанатты рәсімде өңір құрылысшыларының жеткен жетістіктері мен еткен еңбектері дәріптелді. Бейнеттің биігінен көрінгендер «Құрметті құрылысшы» атағын иемденіп, министрлік пен өңір билігінің алғыс хатына қол жеткізді. Солардың бірі - өз өмірінің басым бөлігін құрылыс алаңында өткізген Кәрім Қарсыбаев. Жас кезінде қарапайым жұмысшы қатарынан зауыт басшысы қызметіне дейін көтерілген жан жасы жетпістен асқанда «Құрметті құрылысшы» деген атаққа ие болды.

КӘРІМ ҚАРСЫБАЕВ – ҚР ҚҰРМЕТТІ ҚҰРЫЛЫСШЫСЫ

  • Союз кезәнде типовой проект деп бәрі біркелкі бола беретін. Қазір Тәуелсіздік алғалы өте сәулетті құрылыс жүріп жатыр. Бұрынғы біздің кезде бір мектепті 2-3 жыл салатынбыз. Қазір 1 жылда бітіріп жатыр. Сапасы да, қарқыны да жақсы. Мен ризамын.

     Қазір облысымызда құрылыс жұмыстарымен айналысатын 60-қа жуық компания бар. Олар 200-ден астам нысанда құрылыс жұмыстарын жүргізіп, мыңдаған шақырым жолды жөндеуде. Аймақ ажарының ашылуына осы орайда мыңдаған маман тер төгуде.  Еселі еңбек ескерусіз емес. Облыста құрылыс басындағы жұмысшылардың әлеуметтік мәселесін оң шешу үшін  мемлекет тарапынан бар көмек көрсетілуде.  

ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВ – ОБЛЫС ӘКІМІ

  • Соңғы жылдары құрылыс саласына арналған инвестициялар көлемі республикалық, облыстық және аудандық бюджет сонымен қатар компания қаржылары есебінен өсуде....

     Кәсіби айшықты мереке біздің елде 1998 жылдан бері аталып өтуде. Сәйкесінше, қоғамда құрылысшыларға деген құрмет те жыл өткен сайын артып келеді.

МАҚСҰТ Жарылқасын

Тақырып бойынша материалдар

Жарықбастық жұрт сапалы ауыз суға қол жеткізді
17:27, 16 желтоқсан 2017
Жарықбастық жұрт сапалы ауыз суға қол жеткізді
Толығырақ...
Халыққа ең қажетті нысандар ашылды
17:26, 16 желтоқсан 2017
Халыққа ең қажетті нысандар ашылды
Толығырақ...
Саябақ ашылып, мөлтекаудан  бой тіктеді
17:23, 16 желтоқсан 2017
Саябақ ашылып, мөлтекаудан бой тіктеді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Оралдың жігіті Шымкенттік қызға бүйрегін  берді
17:53, 11 желтоқсан 2017
Оралдың жігіті Шымкенттік қызға бүйрегін берді
Толығырақ...
58 жаста зейнетке шығатын әйелдер тезірек  тіркелуі керек!
17:37, 15 желтоқсан 2017
58 жаста зейнетке шығатын әйелдер тезірек тіркелуі керек!
Толығырақ...
Ғабидолла Әбдірахымов Шымкентке келді
17:41, 13 желтоқсан 2017
Ғабидолла Әбдірахымов Шымкентке келді
Толығырақ...