ШҰҒЫЛ! 660 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ Толығырақ

ҚҰРЫЛЫСЫ ҚЫЗҒАН 1-СЕКТОР

16:48, 23 тамыз 2019

Арыс қаласындағы 1-ші секторда құрылыс жұмыстары қарқынды. Бұл секторға Атырау облысы мен Жетісай ауданы жауапты. Аталған секторда жарылыстан зардап шеккен үйлердің жалпы саны 466 болса, бүгінде соның 245-інде құрылыс жұмыстары аяқталған. Қалғаны ай соңында тапсырылады деп күтілуде.

Атырау облысы мен Жетісай ауданына жүктелген аумақта жалпы алғанда 410 нысан күрделі жөндеуден өтуі тиіс. Қалған 56 тұрғын үй қайта соғылуда. Мұндағы құрылыс жұмыстарына 13 мердігер мекеменің 975 жұмысшысы тартылған. Мұндағы тірлігі тындырымды, жұмысы жүйелі жүріп жатқан «Айару Болашақ» ЖШС – не жүктелген аймақ. Себебі, тұрғындардың ризашылығы, аяқталған үйлердің сапалы соғылуы дәлел бола алады.

 

Айбек Алеуддин – «Айару Болашақ» ЖШС өкілі

Военный городок-қа жақын болғандықтан мұндаға өте көп үйлерге зақым келген. Маған тиесілі 14 үй болды. Оның 6 тұрғын үйді аяқтап егелеріне тапсырдық. Қалғанын 2-3 күнде тапсырамыз деген ниеттеміз.

 

Тұрғын үйі сүріліп, аяқталуға шақ қалған Әлия Нысанбаеваның бүгінде қуанышында шек жоқ. Себебі, көпбалалы, жалғызбасты ананың баспана мәселесі лезде шешімін тауып отыр. Жылы орын, жаңа тұрғын үй сапалы әрі жылдам құрылысы қызғанын айтады. Қоныс тойын тойлауға асық отырған ана ел болып жұмылған бауырмал халықтың бірлігіне алғыстан өзге айтары жоқ. 

 

Әлия Нысанбаева  - Арыс қаласының тұрғыны

Баста 7 адам келді. Сол құрылысшылар әлі жұмыс жүргізуде. Алғашында қорқыныш болғаны жасырын емес. Қазір қуаныштымыз. Көзіміз жетіп отыр. Барлығына рахмет.

 

Сектордағы күл-қоқыстарды тасымалдаумен Жетісай ауданы әкімдігініне қарасты коммуналдық мекеме айналысуда. Олар күніне шамамен 180-200 тонна құрылыс қалдықтарын шығаруда. Осылайша мұндағы жауапты мамандар құрылыс жұмыстары межеленген мерзімде аяқталады деп отыр.

Н. МҰХАМЕДЖАНҰЛЫ                                                                                 

Тақырып бойынша материалдар

АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНА МАМАНДАР ҚАЖЕТ
21:24, 20 қыркүйек 2019
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНА МАМАНДАР ҚАЖЕТ
Толығырақ...
В ОБЛАСТИ ГРАЖДАНСКОЙ ОБОРОНЫ ТРЕБУЮТСЯ СПЕЦИАЛИСТЫ
21:16, 20 қыркүйек 2019
В ОБЛАСТИ ГРАЖДАНСКОЙ ОБОРОНЫ ТРЕБУЮТСЯ СПЕЦИАЛИСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА МЕЙІРЖАН ШЕРМАҒАМБЕТОВТІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ
17:44, 19 қыркүйек 2019
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА МЕЙІРЖАН ШЕРМАҒАМБЕТОВТІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ
Толығырақ...
В ОБЛАСТИ ГРАЖДАНСКОЙ ОБОРОНЫ ТРЕБУЮТСЯ СПЕЦИАЛИСТЫ
21:16, 20 қыркүйек 2019
В ОБЛАСТИ ГРАЖДАНСКОЙ ОБОРОНЫ ТРЕБУЮТСЯ СПЕЦИАЛИСТЫ
Толығырақ...
МАҚТА ҚҰНЫ 150 ТЕҢГЕДЕН КЕМ БОЛМАЙДЫ
12:47, 19 қыркүйек 2019
МАҚТА ҚҰНЫ 150 ТЕҢГЕДЕН КЕМ БОЛМАЙДЫ
Толығырақ...