ШҰҒЫЛ! САҚТЫҚ ШАРАЛАРЫ ПЫСЫҚТАДЫ Толығырақ

ҚҰС ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

12:02, 3 қыркүйек 2019

Кәсіп түбі нәсіп. Шардара ауданына қарасты Жаушықұм ауылының тұрғыны құс шаруашылығын қолға алған. Бүгінде 500 балапанды асырап отыр. 6-9 аптаның ішінде 1.5 - 2 келі ет өнімін беретін бройлер тұқымын асырап оны көбейтуді екі жылдан бері қолға алған. Алдағы мақсаты құс фабрикасын ашып халықты жұмыртқамен етпен қамтамасыз ету,- дейді кәсіпкер.

Тауық етін кәсіп ретінде қарастыратын болсақ, тек тауық өсірумен ғана өз жағдайыңызды түзетіп алуға болады екен. Мамандар соның ішінде, әсіресе, бройлер тауығын өсірген пайдалы деп отыр. Себебі, бройлер – тез өсіп жетілетін, еті жұмсақ, дәмді болып келетін, азықтандыру шығындары оны кәсіпкерге неғұрлым арзанға түседі. Әдетте бройлер тауығын 6-9 аптаның ішінде, салмағы 1,5-2 келіге жеткен кезде сойып, керегіне жаратады. Бройлер еті диеталық тағам түріне жатады. Оның етінің құрамында 22,5 пайызға дейін белок болады. Бұл белоктардың 92 пайызы адам денсаулығы үшін өте пайдалы амин қышқылдарынан тұрады.

Дастан Молдабаев -  «Шардара-Құс» шаруашылығының қызметкері

«Шардара-Құс» кіші фабрикасында 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Бірі жем суына жаупты болса, бірі тазалығымен олардың жай-күйіне жауапты. Бүгінде 500 дана балапанның барлығы аман. Себебі барлығы медициналық тексерістен өтіп тұрады. Аудан бойынша сұраныста жоғары. 

Нұрсұлтан   Әбдірашит                

Тақырып бойынша материалдар

МҰҒАЛІМДЕР АРТЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ТАРТЫЛМАЙДЫ     
19:53, 1 маусым 2020
МҰҒАЛІМДЕР АРТЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ТАРТЫЛМАЙДЫ     
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
16:11, 29 мамыр 2020
МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ
Толығырақ...
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН  69 АДАМ   ТІРКЕЛДІ
14:09, 26 мамыр 2020
КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАН 69 АДАМ ТІРКЕЛДІ
Толығырақ...