ШҰҒЫЛ! ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫ СЫН КӨТЕРМЕЙДІ Толығырақ

КҮШ АТАСЫ ҚАЖЫМҰҚАНҒА ҚҰРМЕТ

19:07, 22 шілде 2019

Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы Қажымұқанға Ордабасы ауданының орталығы Темірлан елді-мекеніндегі облыстық спорт мұражайында "Қазақстан Барысы" бұрышы ашылды. Қазақ күресінің құрметіне ашылған бұрыштың лентасын ҚР қазақ күресі федерациясының бас хатшысы Б.Сабитов, сонымен қатар Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Полат Қырықбаев қиды.

Қажы Мұқан Мұңайтпасұлы — Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен. Өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген бабамызға қандай құрмет көрсетсек те артықтық етпейді.

Болат Қырықбаев - Түркістан облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы

Бұл шараның жастарға беретін тәрбиелік мәні зор

Қажымұқандай мықты XX ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды. Ресейдің балуандар тобында Қажымұқаннан күші асқан ешкім болмағанын да айтуға тиіспіз. Дүние жүзінің чемпиондарымен қатар жүру, боз кілемдегі айқастарда осы балуандарды шетінен жығып, бәйге алу — сол заманда нағыз ерлік еді. Ол кезде империяның буына семірген Ресей күресінің қожайындары қазақты шын мәнінде менсінбеуші еді. Қажымұқан сондай ортада намысын жатқа берген жоқ. Кеудесін ешкімге бастырмады. Күрес қожайындарының, төрешілердің сан мәрте әділетсіздігіне белі бүгілмеді, еңсесі түспеген дейді келген қонақтар.

Бақдаулет Сәбитов – ҚР Қазақ күресі федерациясының бас хатшысы

Бұл бастаманы федерация президенті қолға алған болатын

Іс-шара барысында ҚР қазақ күресі федерациясы мен "Қазақстан Барысы" қазақ күресін дамыту қоры аталған мұражайға "Әлем Барысы", "Еуразия Барысы", "Халық Барысы", "Қазақстан Барысы" жобаларынан естеліктер табыстады. Балуандар беліне тағылған белдік, берен, естелік альбомдарды сыйға тартты.

Жұманазар Ерсұлтанов – «Қазақстан Барысы» турнирінің күміс жүлдегері.

Қай спортшы болмасын, әр жарыстың алдында Қажымұхан бабаға келіп тәу етеді

 

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ШЕТЕЛДІК ЖУРНАЛИСТЕР  АЙМАҚТЫ АРАЛАУДА
16:34, 16 тамыз 2019
ШЕТЕЛДІК ЖУРНАЛИСТЕР АЙМАҚТЫ АРАЛАУДА
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
13:13, 13 тамыз 2019
«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ Б...
Толығырақ...