ШҰҒЫЛ! ОНКОЛОГТАР ПЫШАҚСЫЗ ОТА ЖАСАУДА Толығырақ

КҮШ АТАСЫ ҚАЖЫМҰҚАННЫҢ 150 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ҮЛКЕН КЕШЕН САЛЫНАДЫ

19:35, 13 қаңтар 2021

Күш атасы Қажымұқан Мұңайтпасовтың 150 жылдығына орай биыл өзі жерленген Түркістан облысы, Ордабасы ауданында үлкен кешен салынатын болды. Батыс Қытай – Батыс Еуропа халықаралық көлік дәлізі бойынан бой көтеретін кешенге Темірлан ауылындағы музей көшіріліп, 5 гектарды құрайтын аумақ туристік орынға айналады. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен лездемелік мәжілістің күн тәртібінде Түркістан қаласын дамыту мен спорт және туризм салаларында атқарылған жұмыстар және 2021 жылға жоспары мен өзекті мәселелері ортаға салынды.

Қазақ даласы батырының атына салынатын мемориалдық кешен заманауи үлгіде салынатын нысанда кітапхана, көрме залы, қонақ үй, асхана, конференц залы, спорт залы, спортшылардың киім ауыстыруға, жуынуға арналған және басқа да қажетті бөлмелермен қамтылмақ. Ғимарат аумағы жасыл-желекке оранып, демалыс орнына айналады. Спорттың бірнеше түрімен шұғылдануға лайықты кешен түрлі деңгейдегі жарыстарды өткізуге де ыңғайлы болмақ. Сондай-ақ, алдағы көктемде дәстүрлі қазақ күресінен халықаралық жарыстар ұйымдастырылады./ ОРДАБАСЫ ҚАЖЫМҰҚАН/

 

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫСЫ 2,5 ЕСЕ АРТҚАН

 

Түркістан қаласында тұрғын үй құрылысы 2019 жылмен салыстырғанда 2,5 есе артқан. Әкімшілік-іскерлік орталықта көпқабатты 89 тұрғын үй бюджет есебінен құрылысы жүргізілуде. Алдағы уақытта алты мыңдай отбасы қоныс тойын тойлайды. Түркістан қаласын дамыту туралы көне шаһар басшысы  Рашид Аюпов баяндама жасады. Өткен жылғы пандемиялық ахуалға қарамастан, Түркістан күрделі жағдайда дамып келеді. Былтырғы жылдың қаланың маңызды әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері оң сипатқа ие болды. Жыл қорытындысымен 336 пәтерлік 7 қабатты жеті тұрғын үйдің құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, қабылдаудан өткен. Барлық үйлер «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы пайдалануға берілді. Желтоқсан айында жеті қабатты бес тұрғын үй пайдалануға берілген. Кестеге сәйкес 12 көпқабатты тұрғын үй биылғы жылдың сәуір айына дейін толық аяқталады.  Қазір онда 500-дей жұмысшы, 8 техника жұмыс жасауда. Түркістан қаласының әкімшілік іскерлік орталығындаға қалған 77 тұрғын үйдің құрылысы 2021 жылға өтпелі. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар