ШҰҒЫЛ! Талантты режиссер туған жеріне келді Толығырақ

Қуық асты безінің қатерлі ісігі асқынып тұр

14:27, 19 мамыр 2017

Облысымызда соңғы 5 айда 60-тан аса ер адам қуықасты безінің қатерлі ісігіне шалдыққан. Осыған алаңдаған облыстық онкологиялық диспансер дәрігерлері Ресей мамандарымен тәжірибе алмасты. Мәскеу қаласының ғылыми-зерттеу онкологиялық институтының аға қызметкері Кирилл Нюшко ақ халаттыларға арнайы дәріс оқыды. Қауіпті дертті ерте кезде анықтаудың жолдарын түсіндірді.

Ер азаматтар арасында жүргізілген скринингтік зерттеулер нәтижесінде 60 пайыз жағдайда ауру 3-4 сатысында анықталатыны белгілі болды. Алғашқы медициналық көмек уролог және онколог мамандардың бірлесе жұмыс істеуінің маңыздылығын көрсетеді.

Нұржан Нұрғалиев - Қазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу институты онкоурология орталығының басшысы

Онкоурологиялық форум аясында қуықасты безінің қатерлі ісігіне ота жасау жоспарлануда. Ресейден келген мамандар қуық пен аталық бездің қатерлі ісіктерін ерте диагностикалау мен емдеу тәсілдерін талқылады.

Кирилл Нюшко - Мәскеу қаласы ғылыми-зерттеу онкологиялық институтының аға қызметкері

Кирилл Нюшко қуықасты безі ер азаматтар үшін екінші жүрегі екенін айтады. Себебі, жігіттердің өмір сүру сапасы осы органға тікелей байланысты. Сондықтан ерлер репродуктивті жүйенің қалыпты жұмыс істеуіне, оның күтіміне баса назар аударуға тиіс.

САТТАР Есімбеков                                                                 

Тақырып бойынша материалдар

Бүгінгі түлек – ертеңгі спорттық додалардағы ел мақтанышы
23:12, 25 мамыр 2018
Бүгінгі түлек – ертеңгі спорттық додалардағы ел мақтанышы
Толығырақ...
Түлектер ІТ технологияның тілін жетік меңгерген
23:03, 25 мамыр 2018
Түлектер ІТ технологияның тілін жетік меңгерген
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚМУ-ҒА ЖАҢА РЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
13:15, 21 мамыр 2018
М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚМУ-ҒА ЖАҢА РЕКТОР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...
ТЕРІС ДІНИ АҒЫМДЫ НАСИХАТТАУШЫЛАР ҰСТАЛДЫ
14:37, 21 мамыр 2018
ТЕРІС ДІНИ АҒЫМДЫ НАСИХАТТАУШЫЛАР ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...