ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

«КҮЗГІ МАРАФОН» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ

17:31, 20 қыркүйек 2019

Түркістан қаласында алғаш рет «Күзгі марафон» қайырымдылық шарасы өтті. «Мейірімділік үлгісі» атпен өрбіген акцияны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық Департаменті ұйымдастырып отыр.

Спорттық сайыс облыстағы барлық құқық қорғау органдары мен заң саласын қамтыды. Марафонға 300-ден аса құқық қорғау саласының  қызметкері қатысты. Олардың қатарында  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық Департаменті, облыстық сот пен прокуратура, Полиция, Ұлттық қауіпсіздік, Экономикалық тергеу, Қылмыстық-атқару жүйесі, Төтенше жағдайлар, Кірістер және Әділет департаменттерінің басшылық және жеке құрамы бар.

Түгел Бекімбетов – Түркістан Облыстық соты азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы

Біріншіден қайырымдылық, азаматтарға адамдардың өсіп келе жатқан келешегімізге үлкен үлгі ретінде, имандылық жоллдында жақсылық жасаудың өзі үлкен бір қолдау. Біз осыны қолдап, қуаттап, барынша қатысып жатырмыз. Жастардың бір-біріміен танысыуына жақсы, денсаулыққа жақсы, үлкен іс-шара.

Марафон  жаңа Әкімшілік орталықтан басталып, «Рәміздер алаңына» дейін 2400 метр қашықтықты құрады. Спортты жанына серік еткен Сергейге бұл шақырымды жүріп өту қиынға соқпапты. 3 жылдық тәжірибесінің арқасында әріптестерін артта қалдырып, финишке биринші болып жетті.

Сергей Садринов - Түркістан облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің маманы

Мұндай шаралар жиі болып тұра берсін. Жиналған қаражат аталып кеткендей балалардың оқуына жұмсалсын!

Жарыс жеңімпаздары кубокпен және арнайы жүлделермен марапатталды. Ал, марафоннан түскен қаражат... әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан студенттердің оқу ақысын төлеуге жұмсалатын болады.

М.ӘСЕМБЕК    

Тақырып бойынша материалдар

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ  КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
19:59, 18 қазан 2019
ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
18:27, 15 қазан 2019
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
Толығырақ...