ШҰҒЫЛ! ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

"ҚЫРАН" ҚАЙТАРЫЛАДЫ

17:19, 11 қазан 2019

"Қыран" футбол командасы мемлекет меншігіне қайтарылуы мүмкін. Өйткені команда белшеден қарызға батқан. Тіпті футболшылар жеті айдан бері жалақыларына да алмаған. Бұл турал Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасында өткен баспасөз мәслихатында айтылды. Басқарма басшысы тығырықтан қарызға батқан қыранды тығырықтан шығару үшін осылай жасауға мәжбүр болдық деп отыр.

 Футболдан Қазақстан Біріншілігінде Түркістан  облысының намысын  қорғайтын "Қыран"  командасы осыдан үш  жыл  бұрын  сенімгерлік  басқаруға  өткен  болатын. Алайда үміт ақталмады.  Себебі команда қарызға белшесінен батқан. Мамандардың айтуынша   футболшылары  мен  ұжым  қызметкерлері жеті айдан бері еңбек ақыларын  алмаған. Енді осы олқылықтың орнын толтыру үшін басқарама сенімгерлік келісімді бұзбақ ниетте. Тіпті сотқа жүгінбек.

Таңат Байғон - Түркістан облысының қаржы  басқармасының коммунальдық  меншікті басқару  бөлімінің  басшысы

 Негізінде сенімгерлік келісім-шартына сәйкес биыл облыс бюджетінен 281 миллион теңге бөлінген. Соған қарамастан команда қаржылық қиындыққа тап болған.    Облыстық спорт және денешынықтыру басқармасы берген мәліметке сүйенсек сенімгер тарап біршама заңсыздыққа барған. Енді оны құзырлы органдар анықтайды.

Полат Қырықбаев, Түркістан  облысының  дене  шынықтыру  және  спорт  басқармасы  басшысы

Бір қызығы  "Қыран"  футбол  клубын  ұжымға  еш  қатысы  жоқ   азамат басқарып келген. Оған қоса биыл Түркияға  оқу-жаттығу  жиындарына  барып,  мемлекеттің  қыруар  қаржысын  талан-таражға  салғаны  да  айтылды. Қалай десек те мамандар команданы мемлекет меншігіне қайтарған жөн деп отыр.

 
Максут Айтжанов


 

Тақырып бойынша материалдар

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ
19:44, 22 қараша 2019
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар