ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

ҚЫШ ЗАУЫТЫ ӨНДІРІСТІ ӨРКЕНДЕТУДЕ

11:56, 3 қыркүйек 2019

Ордабасы ауданында «Агро-V» атты кiрпiш зауыты жұмыс iстейді. Кәсiпорында тәулiгiне 65-70 мың дана қыш жасалады. Өнiмге деген сұраныс та күн санап артып жатқандықтан, келешекте өнiмдiлiктi арттыру көзделiп отыр.

Зауыт  2012 жылдың қазанында iске қосылған. Мұнда негiзiнен 100 және 125 маркалы кiрпiштер жасалады. Қыштардың бұндай түрi көбiнесе көпқабатты үйлердiң құрылысында қолданылады. Өнiмдер толықтай жергiлiктi шикiзат есебiнен өндiрiледi.

Нұрбол Темірбеков - «Агро-V» ЖШС өндіріс басшысы

Осында 2 карьерiмiз бар. Сол жерден ақ және қызыл топырақ тасимыз. Кейiн оны цехқа алып келiп қалыпқа саламыз. Сосын пешке күйдiрiп болған соң осындай қыш шығады.

Жұмысшылар арнайы қалыпқа салынып, пiшiнделген қышты пешке салады. Кейiн, арбалар арқылы қазандыққа кiргiзiп, оның iшiнде 900 градус температурада 1 сағат бойы күйдiредi. Қышты күйдiрiп болған соң пештен шығарып, суытады. Кейiн дайын болған өнiм өңiрiмiздiң түкпiр-түкпiрiне жөнелтiледi. Қазір өнімнің 60 пайызы Түркістан қаласына жөнелтілуде.

«Агро-V» ЖШС-нің жаңа қыш зауытына  жалпы құны 527 млн теңге. 60 адам екі ауысыммен жұмыс істейді. Заманауи жаңа техникамен жабдықталған кәсіпорынның отандық өндірісті өркендету жолындағы жоспары ауқымды.

 

Г. Қалмырзақызы                                           

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ 70-КЕ ЖУЫҚ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ ЖАЗЫЛҒАН БИЛБОРДТАР ІЛІНДІ
13:53, 13 қазан 2019
ШЫМКЕНТТЕ 70-КЕ ЖУЫҚ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ ЖАЗЫЛҒ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар