ШҰҒЫЛ! ӨЖЖ АППАРАТТАРЫ ШЫМКЕНТТЕ ЖАСАЛАДЫ Толығырақ

ҚЫСҚЫ МАУСЫМҒА ДАЙЫНДЫҚ

18:31, 27 қазан 2020

Түркістанда жылу беру маусымы 28 қазан күні басталады. Бүгінде қаладағы орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған мекемелердің барлығында сығымдау жұмыстары аяқталған. Бұйыртса биыл облыс орталығында жылуға қатысты қиындық болмайды. Сонымен қатар, облыстағы республикалық және жергілікті жолдардың да қысқа маусымға дайындығы жоғары. Бұл туралы өңірлік комуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Түркістан облысындағы жолдардың жалпы ұзындығы 5 мың 300 шақырымнан асады. Көбі облыстық маңызы бар жол. Биылғы қыста сол көлік дәлізіндегі көктайғақтың алдын алу үшін 124 дана техника мен 354 жұмысшы жұмылдырылмақ. Ал, мұзды еріту үшін 7350 куб құм мен 480 тонна тұз дайындалған.

Шерзат Сүттібаев – облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармас ының бөлім басшысы 

Бүгінгі таңда барлық аудандарға тұз жеткізілді. Қазіргі таңда құм жеткізу жұмыстары атқарылуда. Енді біз жылдағыдай қажетті жол белгілерін орнатамыз. Ескірту жол белгілері. Бүгінгі таңда облыстық маңызы бар жолда таңғақ жол 724 данасы толықтай орнатылды. Одан бөлек облыстық маңызы бар жолда 4 жылыту бекетіміз орнатылған.

Ал, республикалық маңызы бар күре жолдардағы қауіпсіздікті  қамтамасыз ету ісі Қазақ автожол серіктестігіне жүктелген. Аталған мекеме биылғы маусымға сақадай саймыз деп отыр. Ондағы мамандар берген мәліметке сүйенсек 42 дана техника дайын. Қажетті құм мен тұздың 87 пайызы жеткізіліпті.  Ал, күн суықта жолға шығып қалып қойғандар үшін 10 бекет бар.

Спикер: Әлібек Әбзелов – «Қазақ Автожол» ЖШС облыстық филиалының бас инженері

Біздің облысымызда 10 жол пайдалану бекеттері бар. ол дегеніміз 10 жылыту орны дайын. Осы жылы көктайғаққа қарсы. 16 мың тонна көктайғаққа қарсы материал жоспарланған. 6 мың кубы дайындалды. Тағыда қалғаны дайындалып жатыр. Техникалық тұз 800 тонна қарастырылған. Оны қазір 50 пайызы яғни, 400 тоннасы дайын.

Бүгінгі таңда дайындық жұмыстары аяқталуға жақын. Барлық іс облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен бірлесе атқарылып жатыр. Енді күре жолдар жабылған жағдайда барлық байланыс операторлары арқылы хабарлама беріледі.

Ерік Сарыбаев - Түркістан облысының Төтенше жағдайлар департаменті  бастығының орынбасары

Біздің енді тұрғындардың осы дауылды ескертулерді жіберген кезде. Және де мынау республикалық, облыстық маңызды жолдардағы постарды қойып жолдарды жабу кезінде түсіністіпеен қарауларын сұранған болар едік. 

Ал, жылту маусымына байланысты әзірге ешқандай мәселе жоқ. Ауа райына байланысты үш ауданда жылу беру маусымы басталған.  

М. Жарылқасын                                                   

Тақырып бойынша материалдар

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan» телеарнасына сұхбат берді
19:36, 27 қараша 2020
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар