ШҰҒЫЛ! ОНКОЛОГТАР ПЫШАҚСЫЗ ОТА ЖАСАУДА Толығырақ

ҚЫЗДАР ҚҰРАМАСЫ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ

19:40, 13 қаңтар 2021

12- 17 қаңтар аралығында Қарағандыда үстел теннисінен Қазақстан чемпионаты өтеді. Шымкент қаласының қыздары командалық есепте 3-ші орын алып, Чемпионаттың қола жүлдегері атанды.

Сондай-ақ, Шымкенттік ерлер құрамасы командалық есепте ширек финалға жолдаманы жеңіп алды. Ширек финалда біздің спортшылар Жамбыл облысының спортшыларымен кездеседі. Чемпионат ары қарай жекелей есепте, ерлер мен қыздар жұптық есепте және аралас жұптық есепте жалғасады. Ересектер арасында Чемпионатқа 15 команда қатысуда. 17-ші  қаңтарда финалдық ойындар және марапаттау жоспарланған. Айта кету керек, біздің спортшыларды Қазақстан Чемпионатына Шымкент қаласының Үстел теннисі федерациясының президенті Асқар Тұрысбеков дайындады.  

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар