ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ – КЕМЕЛ КЕЛЕШЕК КЕПІЛІ

17:26, 10 қыркүйек 2019

ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақ тілі әліпбиін кирилицадан латын графикасына өткізу туралы» жарлығы шыққан болатын. 2019-2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 40- тармағына сәйкес, латын қаріпі бойынша жалпы қазақстандық диктант алынды. Жобаға ұйытқы – Қазақстан Халықтар Ассамблеясы. Түрлі этнос өкілдерінің басын қосқан ұйымның облыстық, қалалық филиалы да шараға үн қосты.

Ашық диктантқа облыс және қаладағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері, оқу орын ұстаздары мен студенттері ниет білдірген. Үш тұғырлы тіл бағдарламасын негізге алған оқу ордасының мұғалімдер «Елбасы жарлығы біз үшін ешқандай қиындық туғызбады.Керсінше білім жолына түскендер үшін құнды мәліметтерге жаңа жүйе арқылы тиімді қол жеткіземіз», дейді.
Шымкент қаласында 100-ден аса этнос өкілдері тұрады. Олар мегаполис тұрғындарының 30 пайызын құрайды. ҚХА ғимаратында қазақ тілін үйренем деушілерге мамандар дәріс өткізеді. 70 пайызы мемлекеттік тілді меңгерген. Сонымен қатар, жоспарға сәйкес, «Мен қазақша сөйлеймін» акциялары ұйымдастырылып тұрады.

МӘДИ БЕСБАЕВ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ КММ БӨЛІМ БАСШЫСЫ

Білім саласының маманы Қазақстан мектептері мен ЖОО-ында ағылшын тілі арқылы латын әріптері оқытылып жатқанын айтты. Сондықтан жас буынға латын һарпіне көшу еш қиындық тудырмайды.  Жиынға қатысушылар Елбасының бұл ұсынысы жылдар бойы пісіп-жетілген ойдың жемісі деп түйіндеді.

Д. Өмірзақова                                                                                              

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТТЕ 70-КЕ ЖУЫҚ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ ЖАЗЫЛҒАН БИЛБОРДТАР ІЛІНДІ
13:53, 13 қазан 2019
ШЫМКЕНТТЕ 70-КЕ ЖУЫҚ ҰЛТ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРІ ЖАЗЫЛҒ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар