ШҰҒЫЛ! Екі ірі күн электр станциясының құрылысы басталды Толығырақ

Латын әліпбиіне қатысты жаңа нұсқалар айтылды

15:46, 14 қыркүйек 2017

Латын әліпбиіне көшу қазақ тілін халықаралық деңгейге көтереді. Ұлт мұраты жаңа белеске шығып, көпұлтты Қазақстанда тіл байланысы артады. Бүгін облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясының кезекті отырысында осындай толғамды ойлар айтылды. Алқалы мәжіліске қатысқандар тіл төңірегінде тұщымды пікір білдіріп, латын әліпбиінің баршаға ортақ тиімді нұсқасының бекітілуін ұсынды.

       Латын қарпіне көшу туралы ұсыныс осыдан біраз жыл бұрын, нақтырақ айтсақ, 2006 жылы көтерілген болатын. Президенттің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы көптен бері көп көкейін кернеген келелі істі дөп басты. Әрі бұл қадам қоғамдық сананы жаңғыртуға жаңаша леп бермек. Ой онға, сана сан саққа жүгіргенімен, бір анығы – қазақ елі 2025 жылға дейін толықтай латын әліпбиіне көшеді. Сөзден іске бет бұрған мамандар 42 әрпі бар қазіргі әліпбиімізді латын графикасында 25 әріппен таңбалайтын нұсқа ұсынды.

Байдулла Қонысбек – Қазақстанның Құрметті журналисі 

  • Оның ішінде Ә, Ө, Ы, Ч, Ж,Ш, Ұ – бұл 8 әріп, 8 дыбыс2 әріптен құралған. Бұның өзі біздің қазақ тілінің грамматикасына, содан кейін қазақ тілінің дыбыс үндестігіне барлығына дәлме-дәл келетіні. Тез үйреніп кетуге мүмкіндік жасайтыны айтылып отыр.

        Жиында сөз алғандар латын графикасына көшудің тиімділігін тізбектеді. Тарихи қадамға баланған үрдіс халықаралық аренада ана тіліміздің мәртебесінің асқақтауына септеседі. Тамырлас түркі жұртымен байланыстың нығаюына тың серпіліс, жаңа мүмкіндік туғызбақ. Ел алдындағы ендігі міндет – латын графикасын қабылдап үлгерген Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркия мемлекеттерінің тәжірибесіне сүйеніп, олар жіберген қателіктерді қайталамау.

Роза Пак – Оңтүстік Қазақстан облыстық корей қауымдастығының төрайымы 

  • Этноорталықтардың басшылары ретінде біздің негізгі міндетіміз – бірінші кезекте мемлекетіміздің саясатына деген дұрыс көзқарасты қалыптастырып, латын әліпбиіне көшуді түсіндіру деп есептеймін .

       Орта білімді қазақ, орыс, өзбек, және тәжік тілінде қатар беретін Қазақстанда жазудың ортақ қалыпта болуы  ауадай қажет. Әрі бұл дағды жаңа заман талабына сай өскелең ұрпақтың ағылшын тілін тез меңгеруіне жол ашады.  Әліпбиде болатын өзгерістерді өңірдегі өзге ұлт өкілдері бірауыздан қолдайды.  Тек бұл жолы да  бірлікпен жасалған, бір ізге түскен шешімге жақ.

ГҮЛСАНАТ Қалмырзақызы

Тақырып бойынша материалдар

Көктайғақ салдарынан 17 жол-көлік оқиғасы тіркелді
21:08, 21 ақпан 2018
Көктайғақ салдарынан 17 жол-көлік оқиғасы тіркелді
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БЕРІК БЕКЖАНОВ  ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
19:42, 15 ақпан 2018
БЕРІК БЕКЖАНОВ ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Толығырақ...
САРЫАҒАШ АУДАНЫ ЕКІГЕ, МАҚТАРАЛ АУДАНЫ ҮШКЕ БӨЛІНУІ МҮМКІН
17:31, 20 ақпан 2018
САРЫАҒАШ АУДАНЫ ЕКІГЕ, МАҚТАРАЛ АУДАНЫ ҮШКЕ БӨЛІНУІ МҮМКІН
Толығырақ...
«НЕСИЕ АЛЫП БЕРЕМІН» - ДЕП ЖҰРТТЫ АЛДАП СОҚҚАН
15:45, 15 ақпан 2018
«НЕСИЕ АЛЫП БЕРЕМІН» - ДЕП ЖҰРТТЫ АЛДАП СОҚҚАН
Толығырақ...