ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

ЛЕНГІРДЕ «БАЛАҚАЙ» БАЛАЛАРДЫ ҚУАНТУДА

11:36, 11 наурыз 2019

Қазақ-балажан халық. «Қуантсаң баланы қуант» дегендей Ленгірде балғындарға базарлығы мол «Балақай» әлеуметтік дүкені ашылды. Төлебиліктер бұл үлкен сауда орталығынан бүгінгі талғамға сай түрлі тауарларды сатып алуға мүмкіндік алды.

Біздің  елімізде «Балақай»   әлеуметтік   сауда орталғының    желісі   бірнеше жылдан  бері  жұмыс  істеп  келеді. Бүгінде  мұндай  дүкендер  Түркістан   облысындағы  көптеген  ауыл- аймақтарында да  ашылып,  жұмыс  істеп  тұр.  Ауыл  тұрғындардың тұрмыстық қиындықтарын  шешуді көздеген дүкен басшылары балаларға арналған  тауарларды   қолжетімді бағамен саудалауда. «Негізгі  мақсатымыз әлеуметтік  аз  қамтамасыз етілген  отбасы  балаларына қолдау   көрсету»-  дейді кәсіпкер   Сұлтан  Таев.  

Сұлтан   Таев-кәсіпкер   

«Елбасының  саясатын   қөолдау  мақсатыында  балаларға,  аналарға  қажетті   тауарларды  сатудамз.  Арзан   бағамен.  Аналарға  бар  жақслқты  жасаудамыз»

«Балақай» отбасылық  сауда  орталығының  ашылу  жиынында  халықтың  қарасы  қөп  болды. Төлебиліктер  балаларға  арналған киім, кешектер  мен  түрлі  ойыншықтарды  арзан  бағаға  сатып  алды.    Ең  бастысы, мұндағы  тауарлар   нарықтағы  бағадан   20-30  пайыз  арзан.  Себебі,   сауда  желісі өкілдері  көрші  Өзбекстан,   Қырғызстан,  Қытайдағы   тауар   өндірушілерімен  тікелей  келісім шарт  түзіп  отыр. Тауарлар  тікелей  осы  сауда  орталығына   жеткізіліп,  арзан  бағаға   саудалануда.

ЗейнепТілеубердиева  - Леңгір қаласының   тұрғыны

«Тауарлары  арзан.  Кәсіпкер  баламызға рахмет,  балаларға, бізге  осындай  жағдай  жасап  жатқан»

Бала   қиялын өсіріп,  шарықтататын түрлі  ойыншықтар мен  тағы басқа  дүниелер  балғындарды қуантары сөзсіз. Жөргектегі  нәрестеден   бозбала  мен  бойжеткенге   арналған киім-кешектердің бәрін  осы  сауда  орталығынан сатып алуға  болады. Тіпті,  олардың   ата-аналарына  арналған  тауарларды  да  осы «Балақай»  сауда  орталығынан  табасыз. Мұнда  түрлі   жеңілдіктер  де қарастырылған. 

У. Қожақ                                         

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ  ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
12:24, 12 сәуір 2019
ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Толығырақ...