ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

МАҚТА БАПТАУ ӘДІСТЕРІМЕН БӨЛІСТІ

16:22, 12 маусым 2019

"Жазғы дала жұмыстарының сапалы болуы - мол өнім кепілі". Жетісайда осындай атаумен жазғы агротехникалық шараларды жүргізу және егіс алқаптарын зиянкестерден қорғау мәселелеріне арналған семинар-кеңес өтті. Қарақай ауылдық округінде өткен шарадан тілші сөз саптасын.

Биыл Жетісайда егістік жылдағыдан мол. 45 мың гектар алққапқа мақта егілді. Ал дән себу жұмыстары жылдағыдан 10-15 күнге кеш басталған. Оған себеп көктемнің жаңбырлы  болуы. Ендігі мәселе-мақта дақылын дұрыс  күтіп-баптап,   зиянкестермен күрес, агротехникалық шараларды тиімді ұйымдастыру.

Құрманбай Құдайбергенов –  Мақтаарал аудандық аумақтық инспециясының басшысы

Биылғы жылдың өзі мамандардың жалпы біздің инспекция тарапынан зерттеп бақылап жүрген маниторинг жұмыстарына қарасақ өте ауыр жылғы зиянкестердің көп жылғы мұндай ақырғы 5-6 жылда көлемінде мұндай ауа райы зиянкескерге қолайлы жыл болған жоқ, осы қолайлы жылдың бірі болды деп есептеп отырмыз соған қарсы бүгінен бастап зиянкестерге қарсы күресуді қолға алу керек, оның бірден бірі биологический метод екінші возростары крайвой оброботка химиялық жағдайды әзірше тоқтата тұру керек ол химиялық обработка ең ақырғы болмаған жағдайда ғана қолдануға сіздерге кеңес берер едім

Биыл мақтаның финологиялық көрсеткіштері өте төмен.   Биіктігі әр жерде әр түрлі.  Қазір небәрі  10-12 сантиметрге жетіп отыр.  Бұл өнім кеш гүлдейді деген сөз.  Оған себеп -  егістіктің кеш егілуі.  Мұндайда шаруалар үшін агротехникалық шараларды жандандыру қажет-ақ.

Ибадулла Үмбетаев – Қазақ мақта шаруашылығы ҒЗИ директоры

Бүкіл мақта егетін аудандардың барлығында мақта 20-25 күнге кеш егілді бірақ кеш егілгенімен бүгінде үлкен ұйымдастыру жұмыстың арқасында жақсы өскін алынды ендігі мақсат кеш егілген мақтаны уақытында пісіру көп өнім топтау міні осы мәселеде бір қатар мәселелер көтерілді.

 Мақтаның кеш жетілуі терім жұмыстарының  қымбаттауына  әсер етеді. Шығыны да көбейеді. Сондықтан шаруалар  мақтаны сапалы өсіруге мән беруі тиіс.  Ол үшін  культивацияның санын арттырып, егістік жердің ылғалын сақтап қалуға ұмтылуы қажет.  Жиында сөз алған мамандардың пікірі осындай болды.     

П.Биназарқызы

Тақырып бойынша материалдар

ЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДАҒЫ СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ
18:35, 14 маусым 2019
ЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДАҒЫ СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИНКАССАТОРЛАРДЫ ӨЛТІРГЕН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
13:02, 10 маусым 2019
ИНКАССАТОРЛАРДЫ ӨЛТІРГЕН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...