ШҰҒЫЛ! ШЫМКЕНТТЕ КОРОНАВИРУСТАН ЖАЗЫЛҒАНДАРДЫҢ САНЫ 222-ГЕ ЖЕТТІ Толығырақ

МАҚТА ҚҰНЫ 150 ТЕҢГЕДЕН КЕМ БОЛМАЙДЫ

12:47, 19 қыркүйек 2019

Ордабасы ауданындағы мақташылардың еңбегі еш кетпейтін болды. Биылғы ақ алтын бағасы өткен жылмен салыстырғанда едәуір төмендейді.Дегенмен мақта құны 150 теңгеден болғалы тұр. Шаруаларға жағымды жаңалықтар Төрткүл ауылындағы «Рамазан агро» ЖШС-нің 10 жылдығына арналған шарада жарияланды.

Маңдай тер, адал еңбек еш кетпейді.  Ақ алтынның әр келісі 150 теңгеден кем емес. Ал өнімді арнайы пунктке өткізсе мемлекеттен әр тоннаға 12 мың теңгеден субъсидия беріледі.  Осылайша алажаздай атқарылған еңбек жоғары бағаланады.  Ақтолған жаңалық жарияланған алқалы жиында алғы сөз алған аудан әкімінің орынбасары Аңсарбек Әбдіқұлов төрткүлдік мақташыларға құттықтау тілегін білдірді.

Аңсарбек Әбдіқұлов – Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары

Мына «Рамазан - агро» ЖШС –нің өзі биыл 558 гектар жерге мақта егіпті Ауданымыздағы ең ірі мақта қабылдайтын пункті. Ауданымыздың 55 жылдығы қарсаңында игі іс болып тұр.

2009-шы жылы құрылған «Рамазан агро» ЖШС-гі Ордабасы ауданындағы  мақта шаруашылығы саласында ойып алар орны бар мекеме. Науқан кезінде мақта қабылдау пункті мен зауытты қоса алғанда 750 адам жұмыспен қамтылады. Алғашында 5-6 техникамен іс бастаған зауыттың бұл күнде әлеуеті жоғары. 100 ден астам техикасы бар серіктестік 10 мың гектар мақта алқабын өндіруге қауқарлы.

Осы төрткүл аймағындағы мақта алқаптарының 70 пайызын қамтуға техникамыз жетеді. Алдағы уақытта 90 пайызға жеткізуді көздеп отырмыз. Өзімізде дихан болғанбыз уақытында теріп беру керек. Биыл науқанды бастадық.

Салтанатты шараға серіктестікті қолдап отырған қаржы ұйымдарының өкілдері де қатысты. Талай жыл адал әріптес болып келе жатқан мекемеге алғыстарын білдірді.

Арман Құлбекұлы -  TENGRI BANК АҚ Шымкент қалалық филиалының вице-президенті

«Рамазан агро» ЖШС 10 жылдығымен  құтықтаймыз.  Біз 4 жылдан бері әріптестік байланыстамыз.

Айтқандай «Рамазан агро» ЖШС-нің 10 жылдығына орай озат төрағалар мен мекеме қызметкерлеріне автокөлік тарту етілді. 7 бірдей су жаңа Нива кілті  өз егелеріне табысталды.

Мұхамед Мадамин – Нұр-Агро кураторы

Еңбегіміздің еленгеніне қуаныштымыз. Машина подарка қылып отыр. Мен осы компанияға үлкен жеттістіктер тілеймін. Маған тиісті бір жарым мың гектардай жер бар соны уақытында жеткізіп готырмыз.

2018-ші жылы Ордабасы ауданында 7400 гектар жерге  мақта егіліп  18 мың 400 тонна ақ алтын жиналған. Биыл алқап көлемі 8200 гектарға дейін ұлғайды. Өнім көлеміде 20 мың тоннадан асады деп күтілуде. Мақта өсіретін шаруаларға мемлекеттен арзандатылған дәрумендер мен жанар жағар май беріледі.

К. Дүйсенбі

Тақырып бойынша материалдар

ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ҮКІМЕТ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ
18:53, 26 мамыр 2020
ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ ҮКІМЕТ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ
Толығырақ...
МАҚТААРАЛДА ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ТЕХНИКАЛАРМЕН ШИТ СЕБУ БАСТАЛДЫ
18:42, 26 мамыр 2020
МАҚТААРАЛДА ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ТЕХНИКАЛАРМЕН ШИТ СЕБУ БАСТАЛДЫ
Толығырақ...
ЗООБАҚТЫҢ  63 ПАВИЛЬОНЫ ЖАҢАРТЫЛЫП ЖАТЫР
15:23, 26 мамыр 2020
ЗООБАҚТЫҢ 63 ПАВИЛЬОНЫ ЖАҢАРТЫЛЫП ЖАТЫР
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар