ШҰҒЫЛ! ШЫМКЕНТ «ТМД ЕЛДЕРІНІҢ МӘДЕНИ АСТАНАСЫ» ЭСТАФЕТАСЫН ҚАБЫЛДАП АЛДЫ Толығырақ

МАҚТААРАЛ ДИҚАНДАРЫ ҚАУЫН-ҚАРБЫЗДАРЫН ШЕТЕЛГЕ ЭКСПОРТТАУДА

12:32, 14 тамыз 2019

Жыл сайын маусым кезінде Мақтаралдан күн сайын 200-300-ге тарта қауын-қарбыз тиелген жүк көліктері ТМД, Прибалтика, Түркия, Германия, Греция елдеріне жол тартады. Биыл аудан шаруалары 10 мың гектарға қауын, 1500 гектардан аса алқапқа қарбыз еккен.

Бұрыннан балдай тәттілігімен, ерекше үлкендігімен танымал болған «Мырзашөл» қауынын экспортқа ыңғайластырып, бүгінде облыстағы бірнеше аудандардың диқандары жаппай егіп жатқан «Жиенбет», «Валет» сияқты бірнеше  қауынның сорттарын жасап шығарды. Жаңа сорттардың дәмі тіл үйіреді және тасымалдауға төзімді, яғни ұзақ жолға бейімделген. Көлемі де ыңғайлы, бір қорапқа 6-7 қауын сыяды. Жаңа сорттардың арқасында соңғы жылдары диқандар үлкен табыс тауып, күллі Ресей мен Еуропаның бірнеше елдерінің нарығына кіріп отыр. Қазіргі таңда Мақтаарал ауданының кіреберісіндегі логистикалық орталық жүк көліктеріне лық толған. Еуропадан және басқа да елдерден келген кәсіпкерлер үшін орталықта барлық жағдай жасалған. Атап айтқанда, қонақ үй, дәмхана, автотұрақ, бассейн кешені мен қосалқы бөлшек дүкенінің қызметтері қарастырылған. Алдағы уақытта көкөніс сақтау қоймасы да іске қосылады. Осылайша қауын-қарбыз бизнесі Мақтаарал ауданында тұтас бір индустрияның дамуына жол ашып отыр.

Тақырып бойынша материалдар

МӘМ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ ҚАНШАЛЫҚТЫ ТИІМДІ
18:58, 10 желтоқсан 2019
МӘМ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІ ҚАНШАЛЫҚТЫ ТИІМДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ
13:10, 4 желтоқсан 2019
МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫНЫҢ ЖАҢА ТҮРІ ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ
Толығырақ...