ШҰҒЫЛ! ӨЖЖ АППАРАТТАРЫ ШЫМКЕНТТЕ ЖАСАЛАДЫ Толығырақ

МАҚТААРАЛДА 1010 ТҰЛЕК ҰБТ ТАПСЫРАДЫ

16:14, 29 маусым 2020

Биыл елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсыруға 131мың 755 түлек өтінім білдірген. Ал Мақтаарал ауданы бойынша 1010 оқушы өз бақтарын сынады. Мектеп бітірушілердің барлығы да карантиндік талаптарға сай ҰБТ тапсырды.

Мақтаарал ауданы бойынша 2020 жылы 1700-ге тарта бала мектепті аяқтады. Оның ішінде 1010 жас түлек тестілеуге қатысуға өтінім білдірген. Балалар ҰБТ жаңа ережелеріне сәйкес, карантин талаптарын сақтай отырып, ҰБТ тапсыруды бастап кетті.

Мұратбек Серікбаев - Мақтаарал аудандық білім бөлімінің басшысы
Бұлар өздерінің азанда келіп маскалық карантинде режимде сақтай отырып тесттерін тапсырып.Жалпы заң аясында өткізіліп жатыр ҰБТның барлығы.Сондықтан барлық карантиндік шаралар байланысты маскалар антисептиктер барлығы алынған.Кешегі көрсеткіш 65,7%болып тұр.Оның ішінде шығармашылыққа тапсырған оқушылар бар енді оны қазір есептеп талдап жатырмыз.Осы ҰБТ біткеннен кейін барлығының қорытындысы бірақ шығады.

Нұртай Еркеғалиұлы - талапкер
ҰБТ-ға дайындықты мен 9-сыныптан бастап дайындалып жатырмын. Қазіргі карантин кезінде мектепті жабылғандықтан бірақ мен үйде оқуды жалғастырып жатырмын.Осыған қанағатпын.Көптеген тегін сайттар ашты оғанда мен қарап мен дайындалдым әрқайсысынаМен өзімнің ұстаздарыма рахмет айытқым келеді.Осы 11 жылды бізді үйреткені үшін оқытқан тоқыған үшін және де үкіметке маған осындай мүмкіншілік бергені үшін рахмет.
Айтып өтейік, 2020 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеудің ережелерінеде өзгеріс енген. Талапкер тестілеу барысында тыйым салынған заттармен көзге түскен жағдайда еш ескертпесіз  аудиториядан  шеттетіліп, тест нәтижесі жойылады. Сондай-ақ, пандемия кезінде ата – аналарға және басқа да адамдарға ғимарат аумағына келуге тиым салынған.

Перизат Ортай                                                                               

Тақырып бойынша материалдар

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan» телеарнасына сұхбат берді
19:36, 27 қараша 2020
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Qazaqstan...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар