ШҰҒЫЛ! ЖОЛ МӘСЕЛЕСІ ӨЗЕКТІ Толығырақ

Мақтааралда мақтанатындай каналдар қазылуда

14:27, 10 қазан 2019

Мақаарал - шаруашылығы суландыру жүйесіне құрылған еліміздегі бірден бір ірі аймақ. Осы мақсатта жұмыс атқаратын каналдар мен арықтар мұнда жетерлік. Алайда, оның бәрі судың ысырап болуына жол берген. Ендігі жерде мұндай жүйесіздік болмайды. Өйткені, қазір аудан аумағында құны 124 миллиард теңге болатын заманауи үлгідегі канал құрылыс жүруде.

Жалпы, Мақтаарал ауданында 9 елдімекен мен екі кент орналасқан. Нақты айтсақ, оның бәрі де осы ағын суға тәуелді. Өйткені шаруашылық жайы солай. Дегенмен бұған дейін де мұнда каналдар аз болмаған. Бірақ, қарапайым  түрде   қазылған ол каналдар судың ысырап болуына жол берген. Ендігі жерде ондай келеңсіздік орын алмайтын болады. Өйткені,  қазылып жатқан бұл  каналдардардың  табаны мен жиектері  толықтай  бетондалатын болады.

ӘБДІМҮТӘЛІП ҚАЛМЫРЗА – АВСТРАЛИЯЛЫҚ «SMEC» КОМПАНИЯСЫНЫҢ РЕЗИДЕНТІ

(Бұл каналдардың жобасын жасаған   австралиялық «СМЕК» компаниясы... компания  суландыру мен  дренаж  және оны іске қосу   жүйесімен айналысады.  Бұл жоба мемлекеттік  сараптаудан өтіп, тапсырыс берушінің бекітуімен атқарылуда..Сонымен қатар оның тех бақылауы да біздің құзырымызда... жұмыс дұрыс атқарылуда...) 

 «Еуразиялық банктен»   бөлінген бұл халықаралық тендерді    ирандық «Туннель Садд Ариана» компаниясы ұтып алған.  Дегенмен, құрылысқа қазақстандық 6 мердігер компания да тартылып, жұмыс атқаруда.

ОЖАН ТАХМАСЕБИ  - ИРАНДЫҚ «ТУННЕЛЬ САДД АРИАНА»  ЖОБАЛЫҚ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ (Бұл біздің Қазақстандағы 1 жобамыз. Бұған қосымша Арыс – Түркістан бағытында  тағы бір жобамыз бар. Әзірге ешқандай проблема жоқ. Бола қалса бірлесіп шешеміз.  Жұмыс күші жеткілікті...Сондай –ақ, Армения мен Израильден және Тәжікстаннан келген мамандарымыз да бар...)

Биылғы жылдың сәуірінде басталған құрылыс, 2021 жылы аяқталады деп жоспарланған. Әзірге үш ауыл округін суландыруға арналған құрылыстар бірнеше бағытта жүріп жатыр. Мамандардың айтуынша құрылысқа қажетті техникалар мен адам күші жеткілікті.  

Мұхтар Атабек – тілші

( канал қазу жұмыстары барлық бағытта да қарқынды жүруде. Құрылыс жұмыстары  толық аяқталған тұста осы өңірдегі үш ауыл округіне қарасты 16 мың гектар жер   толығымен суландырылатын болады...)

 М. Атабек                                             

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ  КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
19:59, 18 қазан 2019
ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН ЕЛ КУБОГЫ САРАПҚА ТҮСТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА  ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
18:09, 16 қазан 2019
ТҰРАНДАҒЫ ӘДИЯҒА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮРДІ
Толығырақ...
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
18:27, 15 қазан 2019
ЕСІРКЕП БАТЫРДЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ТУРНИР
Толығырақ...