ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП – БАРШАҒА ОРТАҚ! Толығырақ

МАҚТААРАЛДА ӨЗБЕКСТАНДЫҚ ТЕХНИКАЛАРМЕН ШИТ СЕБУ БАСТАЛДЫ

18:42, 26 мамыр 2020

Мақтаарал ауданындағы су басқан егістік алқаптарды қайта қалпына келтіріп, шитті мақта егу жұмыстары басталды. Осы мақсатта Мақтаарал ауданына Өзбекстан Республикасының Жызақ және Сырдария облыстарынан 40 арнайы техника мен 243 тонна мақта шиті жеткізілді. Техниканың 15-і чизель агрегаты болса, 11- жүйек аралық қопсытқыш пен 14 дана дән сепкіш тракторлар.

Аудан аумағына кірген техникалар қазіргі уақытта суы тартылған елді мекендердегі шаруаларға көмектесіп, мақта дақылын қайта егіп беріп жатыр. Мәселен, Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіне қарасты Қарақыр елді мекеніндегі «Жаманқұл» шаруа қожалығы өзбекстандық техниканың арқасында 7 гектар алқабына мақта шитін қайта сеуіп шықты. 

Жандос Сапархан -  «Жаманқұл» шаруа қожалығының мүшесі   
Өзбекстандық техниканың көмегімен топан су басқан 7 гектар алқабыма мақта дәнін қайта сеуіп алдым. Көрші ағайындар техникадан бөлек,  жанар-жағармайын, сұрыпты шитін де тегін беріп отыр. Бұл шығынға ұшыраған біз секілді диқандарға үлкен көмек екені сөзсіз.

Айтып өтейік, жалпы тасқын судан Мақтаарал ауданындағы 7 мың 500 гектар егістік алқап зардап шеккен болатын. Оның 5035 гектары Жаңажол ауыл округіне тиесілі. Өзбекстандық техникалардың басым көпшілігі деосында жұмыс атқаруда. Бұдан бөлек, Еңбекші ауылдық округіне қарасты Жаңа тұрмыс және Жантақсай елді мекеніндеріндегі  жалпы аумағы 113 гектар егістік алқапты қайта өңдеу жұмыстарына да өзбекстандық техникалар бөлінді.

Жарқынбек Мырзалиев - Мақтаарал аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің маманы
Көрші мемлекеттен келген техникаларға деген сұраныс күн санап артып отыр. Өйткені шаруалар су шайған алқаптарына мамыр айының соңғы күндеріне дейін мақта егуге болатынын жақсы біледі. Сондықтан олар  күндіз-түні тынбай егістік алқаптарын қайта қалпына келтіру жұмыстарына жұмылуда. Бір тәулікте шамамен 100 гектардан астам алқапқа күлте жүргізіліп, 100 гектарға мақта егілуде.

Сонымен қатар, Ж.Нұрлыбаев ауылдық округіне қарасты Қарақыр елді мекенінде 61,8 гектар егістікке қайтара мақта дәнін себу жұмыстары жүргізілуде. 

Перизат Ортай                                                                 
 

 

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТКЕ  ҚАЖЕТТІ ДӘРІ - ДӘРІМЕКТЕР ЖЕТКІЗІЛДІ
16:53, 16 шілде 2020
ШЫМКЕНТКЕ ҚАЖЕТТІ ДӘРІ - ДӘРІМЕКТЕР ЖЕТКІЗІЛДІ
Толығырақ...
22 ТҮРЛІ 128 МЫҢНАН АСТАМ ДӘРІЛІК ЗАТТАР ДӘРІХАНАҒА ТҮСЕДІ
12:32, 16 шілде 2020
22 ТҮРЛІ 128 МЫҢНАН АСТАМ ДӘРІЛІК ЗАТТАР ДӘРІХАНАҒА ТҮСЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАСПАНА СЫЙЛАП, ҚОРАСЫН МАЛҒА ТОЛТЫРДЫ
17:05, 10 шілде 2020
БАСПАНА СЫЙЛАП, ҚОРАСЫН МАЛҒА ТОЛТЫРДЫ
Толығырақ...
ДӘРІГЕРЛЕР ДҮНИЕДЕН ӨТКЕН ӘРІПТЕСТЕРІН ҮНСІЗДІКПЕН  ЕСКЕ АЛДЫ
19:19, 13 шілде 2020
ДӘРІГЕРЛЕР ДҮНИЕДЕН ӨТКЕН ӘРІПТЕСТЕРІН ҮНСІЗДІКПЕН ЕСКЕ АЛД...
Толығырақ...