ШҰҒЫЛ! ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТАЛҚЫЛАНДЫ Толығырақ

МАҚТААРАЛДЫҚТАР ЦИФРЛАНУДА

12:33, 1 қазан 2019

Мемлекеттік қызметтерді электоронды форматқа көшіру биылғы жылы 80 пайызға, ал 2020 жылы 90 пайы¬зға жетуі тиіс. Бұл жайында Елбасы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында айтқан болатын. Осы тұрғыда Мақтарал ауданында цифрландыру ісі қарқынды жүруде.

Мақтарал әкімшілігі электронды үкімет порталын насихаттау мақсатында аудан тұрғындарымен кездесті. Жиын Мырзакент кентінде өтті. Сала мамандары электронды форматтың тиімділігін түсіндіріп, тиісті ақпараттармен бөлісті.

Айзада Жүсіпбекова – Мырзакент кентінің тұрғыны

Біз танысқан egov сайты өте тиімді екен. Әсіресе ауылды аймақта тұратын халыққа қажетті, жақсы бағдарлама

Мақтарал ауданында 37 елді мекенге талшықты-оптикалық байланыс желілері тартылған. Бұл жоба «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасына сәйкес Транстелеком акционерлік қоғамы тарапынан қолдау тапқан.  Бүгінде бюджеттік мекемелер заман көшінен қалмай, қолжетімді қызмет алып интеренеттің игілігін көруде.

Ерлан Тұрымбетов - Мақтаарал аудандық  ақпараттандыру мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі және мемлекеттік құпияларды қорғау бөлімінің басшысы

Бұл жоба 2 этаптан тұрады. 1-этап бойынша 37 елді мекенге кең жолақты интернет таратылды. ОЛ ағымдағы жылдың 1-шілдесінен бері жұмыс жасайды. 2-этап бойынша енді тұрғын үйлерге интернет тарату жоспарланып отыр.

Айта кетейік, egov.kz  электронды үкімет порталы және мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша 1414 бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді.

Перизат Ортай                                              

Тақырып бойынша материалдар

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ
19:44, 22 қараша 2019
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар