ШҰҒЫЛ! ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ ЖЕТКІЛІКТІ Толығырақ

МАҚТААРАЛҒА КӨМЕК КӨП

21:01, 14 мамыр 2020

Келес аудандық ардагерлер кеңесі Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек қолын созды. Олар аудандық әжелер алқасы мен бірге 1 миллион теңге қаржы жинап бүгін су басқан ауыл тұрғындарының амандығын біліп қайтты. Сонымен қатар бүгін тасқынынан зардап шеккен халыққа ауған соғысы ардагерлері де қолдау білдірді. Ауған даласында от кешкен азаматтар 200 отбасыны азық түлік пен қамтамасыз етті.

Келес ауданынан келген ардагерлер Асықата кентіндегі Алишер Науайи мектебіне ат басын бұрды. Аталған білім ошағын бүгінде Фердоуси ауылының 400-ден астам тұрғыны паналауда. Оларды қажетті заттармен қамтамасыз етуге Келес ауданы әкімдігі жауапты. Кеңес мүшелері аудандық штабтар болып атққарылып жатқан жұмыстармен танысты. Айтып өтейік қазір штабта азаматтардың құжаттарын түгендеу жұмыстарын жүргізуде. Осы жұмыстармен танысқан ардагерлер халықты сабыр болуға сақтауға шақырды.
Шералы Сәрсенұлы -Келес аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы
Ал, ауған соғысы ардагерлері     Нөмірі 5 Мақтаарал мектеп гимназиясына аялдады. Аталған білім ошағын қазір Нұрлы жол, Фирдоуси ауылдарының 400-ден астам тұрғыны паналауда. Нұрсұлтан, Шымкент қалалары мен Түркістан облысынан келген азаматтар алдымен сол тұрғындардың жағдайымен танысты. Одан кейін азық түлік себетін үлестірді.
Бақытжан Тәжімбетов - Шымкент қалалық ауған соғысы мүгедектер қорының төрағасы
Гуманитарлық көмек көрсету шаралары тек екі мектеппен шектелген жоқ. Игі істі қолға алғандар су басқан елді мекен халқы эвакуацияланған барлық орталықтарда болып көмек көрсетті.
М. Жарылқасын

Тақырып бойынша материалдар

 ДӘРІХАНАЛАРДАҒЫ БАҒА БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ
16:44, 9 шілде 2020
ДӘРІХАНАЛАРДАҒЫ БАҒА БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ
Толығырақ...
ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ ЖЕТКІЛІКТІ
16:41, 9 шілде 2020
ӨКПЕНІ ЖАСАНДЫ ЖЕЛДЕТУ АППАРАТЫ ЖЕТКІЛІКТІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРМЕН КҮРЕС КҮШЕЙТІЛЕДІ
16:16, 3 шілде 2020
ЗАҢСЫЗ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРМЕН КҮРЕС КҮШЕЙТІЛЕДІ
Толығырақ...
СЫНДАРЛЫ ШАҚТА СЫР БЕРМЕГЕН САЛА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
18:07, 3 шілде 2020
СЫНДАРЛЫ ШАҚТА СЫР БЕРМЕГЕН САЛА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...