ШҰҒЫЛ! 660 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ Толығырақ

МАҚТАШЫ МЕКТЕБІНЕ ЗИЯДИН ИСАБЕКОВТЫҢ ЕСІМІ БЕРІЛДІ

13:52, 9 қыркүйек 2019

Ер есімін елі ардақтады. Белгілі ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты, күрестің үш түрінен спорт шебері, КСРО-ның бірнеше дүркін чемпионы Зиядин Исабековтың құрметіне мектеп атауы берілді. Білім ошағы Ордабасы ауданы, Мақташы ауылында орналасқан. Кезінде сегіз қырлы бір сырлы азаматтың өзі осы оқу ордасынан әріп таныған. 46 жасында қыршын кеткен тарихшының артында өлмейтін мұра қалды.

«Ғалымның хаты өлмейді, жақсының аты өлмейді». Халық үшін тынымсыз тер төккен Зиядин Исабековтың еңбегі ескерусіз қалмады.  Өмірі өнегелі азаматтың есімі Үкіметтің  №158 Қаулысымен өзінің білім алған алтын ұясына есімі берілді. Білім ошағы алдында ескертіші орнатылды.

ХАНГЕЛДІ ӘБЖАНОВ - ҰҒА АКАДЕМИГІ, ТАРИХШЫ, ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ОРТАЛЫҚ ЖЕТЕКШІСІ

Ұлжанды азамат ел бостандығы үшін 1986 жылы Желтоқсан оқиғасында көшбасшылық етті. Осы әрекеті үшін жұмыстан босатылып, қудалауға ұшыраған. Дзюдодан Қазақстан құрама командасының 10 жыл капитаны болды. Шымкент педагогикалық институтындаҚожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде ғылым педагогикалық жұмыстармен айналысты. Оңтүстік Қазақстан аумағынан 70-ке жуық жаңа Археологиялық нысандарды ашып зерттеді. 50 шақты ғылыми еңбектердің, соның ішінде 11 оқу бағдарламасы мен оқулықтардың, 1 монографияның авторы.

БАҚТИЯР ТАЙЖАН - «ШЫМКЕНТ КЕЛБЕТІ», «ПАНАРОМА ШЫМКЕНТА» ГАЗЕТІНІҢ РЕДАКТОРЫ

Ер есімі берілген мектепте 306 оқушы  білам алады. Педагогикалық ұжымда 40-тан аса ұстаз еңбек етеді. Салтанатты шара соңында  алып тұлғалы азаматтың рухына арнап ас берілді. Артында қалған қалың жұрты Зиядин Исабековты   қимастықпен еске алды.

Д.Өмірзақова                                                                                

Тақырып бойынша материалдар

АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНА МАМАНДАР ҚАЖЕТ
21:24, 20 қыркүйек 2019
АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС САЛАСЫНА МАМАНДАР ҚАЖЕТ
Толығырақ...
В ОБЛАСТИ ГРАЖДАНСКОЙ ОБОРОНЫ ТРЕБУЮТСЯ СПЕЦИАЛИСТЫ
21:16, 20 қыркүйек 2019
В ОБЛАСТИ ГРАЖДАНСКОЙ ОБОРОНЫ ТРЕБУЮТСЯ СПЕЦИАЛИСТЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА МЕЙІРЖАН ШЕРМАҒАМБЕТОВТІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ
17:44, 19 қыркүйек 2019
ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА МЕЙІРЖАН ШЕРМАҒАМБЕТОВТІҢ ЖОЛЫ БОЛМАДЫ
Толығырақ...
В ОБЛАСТИ ГРАЖДАНСКОЙ ОБОРОНЫ ТРЕБУЮТСЯ СПЕЦИАЛИСТЫ
21:16, 20 қыркүйек 2019
В ОБЛАСТИ ГРАЖДАНСКОЙ ОБОРОНЫ ТРЕБУЮТСЯ СПЕЦИАЛИСТЫ
Толығырақ...
МАҚТА ҚҰНЫ 150 ТЕҢГЕДЕН КЕМ БОЛМАЙДЫ
12:47, 19 қыркүйек 2019
МАҚТА ҚҰНЫ 150 ТЕҢГЕДЕН КЕМ БОЛМАЙДЫ
Толығырақ...