ШҰҒЫЛ! ЖҮРЕККЕ ЖАБЫҚ ТҮРДЕ ЖАСАЛҒАН ОТА СӘТТІ ӨТТІ! Толығырақ

«МАЛ МЕН ЕГІН – КӨЛ-КӨСІР ӨНІМ»

13:28, 16 қазан 2020

Түркістандық жастар екі күнін ауылдың тыныс-тіршілігімен танысуға арнады. «Ауылдағы бір күнім» телевизиялық реалити-шоуы аясындағы «Мал мен егін – көл-көсір өнім» сайысында облыстағы белсенді де, өнерлі волонтерлар ауыл тіршілігімен танысып қана қоймай, жарысқа түсті. Бірнеше турдан тұратын сайыстың негізгі мақсаты - ауыл шаруашылығын дәріптеу және жастардың еңбек қабілеттілігін арттыру болып табылады.

Бұл жобаға 16 аудан-қаладан үміткерлер қатысып, олар жеребе бойынша төрт командаға бөлініп, жарысты. Сайыстың алғашқы күні Қазығұрт ауданындағы бақтан алма терумен басталып, жігіттер қауымының қой қырқуына ұласты. Алғашқы сайыста «Сырдария» құрамасы басым түссе, қой қырқу кезінде «Алатаудың» жігіттері ептілігімен алға шықты. Ал сайыстың екінші күні Сауран ауылдық округінде картоп қазып, оны жинаумен басталды. Бұл жерде қатысушылардың картоп жинаудағы жылдамдықтары мен салмақ бойынша басымдылықтары есептелді. Әрі қарайғы сайыс мақта алқабында жалғасты. Онда жастар ақ ұлпа теріп жарысты. Мақта теру кезінде қатысушыларды бағалаған қазылар оның тазалығына, салмағына жіті мән берді. Нәтиже«Сырдария» құрамасы  I орынды еншілесе, Бас жүлдені «Тұран» тобы ұтып алды.  Жеңімпаз жастарға алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табысталды.

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ   9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
18:39, 21 қазан 2020
АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ 9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
Толығырақ...