ШҰҒЫЛ! ЖҮРЕККЕ ЖАБЫҚ ТҮРДЕ ЖАСАЛҒАН ОТА СӘТТІ ӨТТІ! Толығырақ

МАЛ САУДАСЫ БӘСЕҢДЕМЕГЕН

15:27, 16 қазан 2020

Түркістан облысында мал базарлары жұмысын тоқтатқалы бері электронды түрде төрт түлікті саудалау ісі қарқын алған. Ауылшаруашылығы басқармасы берген мәліметке сүйенсек соңғы уақытта сайттар арқылы мал сату бұрынғы базардағы саудадан да жылдам жүзеге асып жатқан көрінеді.

Оған дәлел осы жылдың 9 айында өңірде мал басы шамамен 5-7 ал, ет өндіру 2,2 пайызға артқан. Ғаламтордағы саудасы негізінен maltabu.kz, malsatu kz, malbazar kz, және whatsApp, Telegram желілері арқылы қызады. Сонымен қатар, мал тұқымын асылдандыру үшін шетелден мал әкелу мәселесі де тоқтамапты. Карантиге қарамай биылдыққа сырттан 2891 ірі қара сатып алынған. Одан бөлек түйе шаруашылығын дамыту үшін 1305 бас ойсыл қара тұқымы алынған. Жүйелі жұмыстардың арқасында өңірде бал бағасын бір қалыпты ұстап тұруға мүмкіндік туған. Нәтижесінде мал баққан шаруалар да шығын батпай өңірде төрт түлік өнімінің негізсіз қымбаттауына жол берілмеген. Қазір өңірде өндірілген ет өнімдері ел аумағымен қатар, көрші Өзбекстан Республикасына саудалануда. Ет экспортын арттыру үшін Қытай елімен тиіст келссөздер жүргізілуде дейді мамандар. 

Нұржан Үсенбаев -облыстың бас мемлекеттік ветеринар инспекторы 

Мынау ауылшаруашылығы малдарын көбейткеннен кейін біз экспортқа шығу жағын қолға алып жатырмыз. Қазір Қытайды ашып көптеген кәсіпорындарымызды қытайдың РЕЙСТЕРІне кіргізіп жатырмыз. Мұның барлығы алдыға қойып отырған жоспар. Егер бізден ауру шығып кетсе экспорттың бәрі тоқтайды. Соның алдын алып жатырмыз.

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ   9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
18:39, 21 қазан 2020
АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ 9 АЙЛЫҚ ЕСЕБІ ТЫҢДАЛДЫ
Толығырақ...