ШҰҒЫЛ! ТӨМЕНДЕТІЛГЕН ЖАҢА ТАРИФТЕР ЖАРИЯЛАНАДЫ Толығырақ

«МАМЫР АТА» СПОРТ КЕШЕНІ БОЙ КӨТЕРДІ

14:18, 8 қараша 2018

Елбасымыз биылғы Жолдауында бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың қолжетімділігін барынша арттыру қажеттігін екшеген болатын. Бұл мақсатта Сарыағаш қаласы Самал мөлтекауданында заманауи талаптарға толыққанды жауап беретін «Мамыр ата» спорт кешені бой тіктеді. Енді жергілікті тұрғындары салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдана алады.

 «Мамыр ата» спорт кешені заманауи үлгіде салынған. 3 қабатты еңселі ғимаратта тұрғындар қазақ күресі, бокс, шахмат және гимнастикамен шұғылдана алады. Аяқдоп әуесқойлары үшін кіші футбол алаңшасы жұмыс істейді. Салтанатты шарада аудан әкімі Қайрат Әбдуәлиев сөз алып, ел игілігі үшін пайдалануға берілген кешеннің жұмысына сәттілік тіледі.

Қайрат Әбдуәлиев – Сарыағаш ауданының әкімі

Ал, суда жүзумен айналысатын әуесқой және кәсіпқой спортшылар үшін мұнда жаһандық үлгідегі жабдықтармен жасақталған жабық қауыз қызмет көрсетеді. Тереңдігі 2 метр болатын  бассейн бір мезетте 25 адамға дейін қабылдай алады.

Бегалы Мамыров – «Мамыр ата» сауықтыру спорт кешенінің басшысы

Кешенде заман талабына жауап беретін тренажер залы да бар. Мұнда келушілер үшін 2 спорт инструкторы арнайы бағдарлама ұсынады.

Әбдірахман Жұмаділлә – спорт инструкторы

Шара қонақтары игі бастамаға ұйытқы болған демеушілерге ризашылығын білдірді. Спорт кешені толығымен іске қосылған соң, мұнда 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.

Ақмарал КӨПЖАСАРОВА

 

Тақырып бойынша материалдар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
18:31, 20 қараша 2018
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КАДРЛЫҚ АУЫС-ТҮЙІС
11:39, 20 қараша 2018
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КАДРЛЫҚ АУЫС-ТҮЙІС
Толығырақ...