ШҰҒЫЛ! ЖАҢА ӘКІМДЕР ТАҒАЙЫНДАЛДЫ Толығырақ

Марқұм Сейіт Ертай мен Қамытбек Айтөреевтің жол апатында қаза болу себебі анықталды

18:52, 12 қаңтар 2018

Облыстық сот қабырғасында резонансты істерге байланысты сот үкімі шықты. Алғашқы қаралған іс... облыс әкімінің кеңесшісі, марқұм Сейіт Ертай мен мәслихат депутаты болған Қамытбек Айтөреевтің жол апатында қаза табу себебін... анықтаумен байланысты болды. Оқиға өткен жылғы шілденің 23-інде Түркістан-Шымкент тас жолында болып, қоғамда қызу талқыланған болатын.

Оқыс оқиғаның орын алуына себепкер болған көлік жүргізушісі бірнеше ай жансақтау бөлімінде жатқан. Ауыр жарақаттан есінен талып қалуы да тергеу жұмыстарын кейінге шегеруге себеп болған. Түркістан қалалық соты Бейбіт Өмірәлиевтің ісін қарау барысында 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын қарастырған болатын. Алайда, оның жасаған қылмысы қасақана емес екені ескеріліп, судья шартты үкім шығарған. Сондай-ақ, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айыру жазасын қолданған.

Бұл жиында әкімшілік құқықбұзушылық Кодексіне енген өзгерістер де сөз болды. Судья Тамара Смайлова жеке тұлғаларға салынатын айыппұл 500 айлық есептік көрсеткіштен 200 айлық есептік көрсеткішке төмендегенін айтты. Бұрын қылмысқа қатысы бар деген зейнет жасындағы қариялар мен мүгедектерді тергеу барысында олар қамауға алынбайтын. Қазір бұл тәртіп жалғызбасты ер азаматтарға да қатысты болып отыр. Бала тәрбиелеп отырғаны үшін оларға жеңілдіктер қарастырылған. Сондай-ақ, бұрын күдікті деп танылған азаматтар 72 сағат қамауға алынса, қазір 2 тәулікке қысқартылған. Заңға енген өзгерістер дамыған елдердегі ізгілендіру саясатына байланысты қолға алынып отыр.  

CАТТАР Есімбеков

Тақырып бойынша материалдар

Шымкентте айыптұрақта 45 көлік өртеніп кетті
12:50, 15 шілде 2018
Шымкентте айыптұрақта 45 көлік өртеніп кетті
Толығырақ...
ТҮРКІСТАНДА ҒИМАРАТТАР ШЫҒЫС СТИЛІНДЕ САЛЫНАДЫ
12:35, 15 шілде 2018
ТҮРКІСТАНДА ҒИМАРАТТАР ШЫҒЫС СТИЛІНДЕ САЛЫНАДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ОРТАЛЫҚҚА АЙНАЛАДЫ
16:04, 13 шілде 2018
ТҮРКІСТАН ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕГІ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ОРТАЛЫҚҚА АЙНАЛАД...
Толығырақ...
ОБЛЫСЫМЫЗДАҒЫ ЖАҢА АУДАНДАРДЫҢ ШЕКАРАСЫ БЕКІТІЛДІ
17:00, 10 шілде 2018
ОБЛЫСЫМЫЗДАҒЫ ЖАҢА АУДАНДАРДЫҢ ШЕКАРАСЫ БЕКІТІЛДІ
Толығырақ...
ЕЛБАСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МЕН ХАЛҚЫНА АЛҒЫСЫН БІЛДІРДІ
12:09, 11 шілде 2018
ЕЛБАСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ МЕН ХАЛҚЫНА АЛҒЫСЫН БІЛДІРД...
Толығырақ...