ШҰҒЫЛ! ҚҰРБАН АЙТ НАМАЗЫ ОҚЫЛМАЙДЫ Толығырақ

МАРҚҰМДАР РУХЫНА ТАҒЗЫМ

17:46, 13 шілде 2020

Бүгін көк байрағымыз қатерлі індеттен көз жұмған жандардың құрметіне төмен түсті. Көзге көрінбейтін жау жас, кәріні талғап жатқан жоқ. Еліміз бойынша жұқпа жабысқан 375 адам жантәсілім етті. Оның 24-і жерлестеріміз. Аза тұту күнінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновпен қала әкімінің орынбасарлары және қалалық мәслихаттың депутаттары әкімдік ғимараты алдында пандемия құрбандарын бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

Сүреңсіз статистикаға көз жүгіртер болсақ,  еліміз бойынша дәл қазіргі таңда 59 899 адам COVIDке  шалдыққан. Оның ішінде 4067-і біздің қаладан тіркелгендер. Соңғы тәулікте 81 адамнан короновирус инфекциясы анықталған. Елімізде осымен 9 рет туымыз төмен түсті. Алғаш рет 2006 жылы Қарағанды шахтасында 41 кеншінің қазасына байланысты қаралы күні жарияланған болатын. Ал, бұған дейін өткен жылы 28 желтоқсандағы жалпыұлттық аза тұту күнінде жолаушылар ұшағында апатқа ұшырап көз жұмған отандастарымыздың отбастарына қайғыра көңіл айтқан едік. Араға алты ай салып қаралы күн белгілеп короновирустың кесірінен келмеске кеткендерді жоқтаймыз деп кім ойлапты? Мәңгілік мекендеріне аттанған азаматтарымыздың ет-жақындарына Оңтүстік телеарнасының ұжымы қайғыра көңіл айтады.

Тақырып бойынша материалдар

ОНЛАЙН ҚҰРБАН ШАЛУ ШАРАСЫ ҚАНДАЙ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ?
18:47, 4 тамыз 2020
ОНЛАЙН ҚҰРБАН ШАЛУ ШАРАСЫ ҚАНДАЙ ДЕҢГЕЙДЕ ӨТТІ?
Толығырақ...
100 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТТАН COVID-19-ҒА СЫНАМА АЛЫНҒАН
18:34, 4 тамыз 2020
100 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТТАН COVID-19-ҒА СЫНАМА АЛЫНҒАН
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
15:36, 29 шілде 2020
42 500 ТЕҢГЕГЕ ӨТІНІШТЕР 1-ҚЫРКҮЙЕККЕ ДЕЙІН ҚАБЫЛДАНАДЫ
Толығырақ...
ЖАҢАШЫЛДЫҚ -  ЖАҢА  НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТКІЗУДЕ
15:04, 29 шілде 2020
ЖАҢАШЫЛДЫҚ - ЖАҢА НӘТИЖЕЛЕРГЕ ЖЕТКІЗУДЕ
Толығырақ...