ШҰҒЫЛ! ТӘРТІП – БАРШАҒА ОРТАҚ! Толығырақ

МАСКА ТАҚПАСАҢЫЗ 13890 ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ ТӨЛЕЙСІЗ

16:11, 29 мамыр 2020

Елімізде төтенше жағдай режимі алынғанымен, Шымкентте инфекцияға шалдыққандардың саны күн санап артып барады. Мамандар мұның себебін халықтың санитарлық талаптарды сақтамауымен байланыстырады. Өкініштісі сол, көпшілік орындарда тұрғындар қарапайым қорғаныс құралдарын қолданбайды.

Иляев көшесіндегі «Шахан» сауда орталығының іргесіне орналасқан дүңгіршек бұл. Сатушы қыз самса-бәлішті тұтынушыға жалаңаш қолмен беріп жатыр. Саудасы қызған сатушының тіпті, бетпердесі де жоқ. Ал, мұны елеп-ескеріп, ескерту айтқан жанды да байқамадық.Біздің түсіру тобымызды көрген тұрғындар интервью беруге сұранды. Үнтаяқты аты-жөнін айтудан бас тартқан азаматқа бұрдық. Тәжді вируспен күресу үшін масканы тегін таратсын дейді қала тұрғыны.

Маска тақ деп, талап ету үшін тарату тегін таратсын да, аптекадан каждый раз 200 теңгеге кім сатып ала береді?

Бетперде тегін де таратылды. Оны көз көріп, естір құлақ естіді. Миллионды қаланың миллион түрлі пікірі бар. Бірі – аты жаман аурудың ақиқатын анық білсе, енді бірі – бұдан саяси астар іздеп әлек. Короновирус жоқ. Ол - өтірік дейді. Сондайлардың салдарынан дерт ауыздықтауға ырық бермей, дендеп барады. Бастысы мемлекет бізге не береді емес, мен еліме не беремін деген ұстаным болу қажет. Алайда, қазір бәрі керісінше, «ала берсемнің» кері. Қазір шаһарда кафе, ресторон, қоғамдық тамақтану орындары жабық. Содан болар, фастфуд өнімдеріне сұраныс көп. Қаланың Теріскей шағын ауданындағы аялдама маңында да, сауда қызып тұр. Мұнда санитарлық талапты сақтаған да, сақтамаған да кездесті.

Гүлсанат Қалмырзақызы - тілші

Қала көшелерінде ережені ескермей, шектеуге шекеден қарайтындар көп, аңғарғанымыз. Бұл тойғандық па, әлде тоңғандық па? Көпшілік орындарда бетперде тақпағаны үшін айыппұл төлейтінін біле ме, жұүрт? Өздерінен сұрайықшы.

Блиц-сауал:

-Бетперде тақпағаныңыз үшін айыппұл төлейсіз білесіз бе?

-жоқ, керек емес.

-қалтамда бар, қазір тағам

-Когда иду на улице сниму, атак есть. Вот. А за это штрафует я не знал. Впред, буду занать...

ИНФОГРАФИКА: Біле жүріңіз! Қоғамдық орындарда медициналық маска тағуға міндеттісіз. Бетперде режимін бұзған жеке тұлғалар 13890 теңге айыппұл салынады. Лауазымды тұлғаларға айыппұл көлемі 41 мың теңге болса, шағын бизнес үшін 100 айлық есептік көрсеткіш. Орта бизнес өкілдері талапты сақтамаса, 200 АЕК, ал, ірі кәсіпкерлік нысаны 300 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.

Айту керек, бүгінге дейін Шымкентте вирусты инфекцияны жұқтырудың 730 жағдайы тіркелген. Дертке шалдыққандардың басым бөлігі 50 жасқа дейінгі азаматтар. Ал COVID-19 диагнозын жеңіп шыққандар саны 241 адамға жетті.

Г. Қалмырзақызы                                  

Тақырып бойынша материалдар

ШЫМКЕНТКЕ  ҚАЖЕТТІ ДӘРІ - ДӘРІМЕКТЕР ЖЕТКІЗІЛДІ
16:53, 16 шілде 2020
ШЫМКЕНТКЕ ҚАЖЕТТІ ДӘРІ - ДӘРІМЕКТЕР ЖЕТКІЗІЛДІ
Толығырақ...
22 ТҮРЛІ 128 МЫҢНАН АСТАМ ДӘРІЛІК ЗАТТАР ДӘРІХАНАҒА ТҮСЕДІ
12:32, 16 шілде 2020
22 ТҮРЛІ 128 МЫҢНАН АСТАМ ДӘРІЛІК ЗАТТАР ДӘРІХАНАҒА ТҮСЕДІ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

БАСПАНА СЫЙЛАП, ҚОРАСЫН МАЛҒА ТОЛТЫРДЫ
17:05, 10 шілде 2020
БАСПАНА СЫЙЛАП, ҚОРАСЫН МАЛҒА ТОЛТЫРДЫ
Толығырақ...
ДӘРІГЕРЛЕР ДҮНИЕДЕН ӨТКЕН ӘРІПТЕСТЕРІН ҮНСІЗДІКПЕН  ЕСКЕ АЛДЫ
19:19, 13 шілде 2020
ДӘРІГЕРЛЕР ДҮНИЕДЕН ӨТКЕН ӘРІПТЕСТЕРІН ҮНСІЗДІКПЕН ЕСКЕ АЛД...
Толығырақ...