ШҰҒЫЛ! ТҮРКІСТАНДА СПОРТ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР Толығырақ

МӘДИ БИГАЛИЕВКЕ ЕСКЕРТКІШ ТАҚТАЙША ОРНАТЫЛДЫ

18:24, 12 маусым 2019

Еселі еңбек ешқашан ұмытылмайды! Отандық медицина саласының белді хирургі Мәди Бигалиевке арналған ескерткіш тақтайша өзі қызмет атқарған ауруханаға орнатылды. Арнайы жиынға жергілікті әкімдік өкілдері мен медицина саласының қызметкерлері қатысып, өңірдің денсаулық сақтау саласына өлшеусіз үлес қосқан алтын қолды дәрігерді еске алды.

Мәди Бигалиев саналы 63 жылдық ғұмырының 40 жылын медицина саласына арнаған. Қазақстан ғана емес, xирургтың біліктілігін естіген шетелдік науқастар да шекара асып, Мәди Қожаұлының қолынан деріне дауа тапқан. Осы аралықта 8 мыңдай түрлі дәрежедегі ота жасап үлгеріпті. Облыста бірінші болып трасплантология саласының негізін қалаған. Бүгін қайғырып та, қуанып та екі ұдай сезімді кешкен аяулы жары әріптестеріне алғыс айтты.

 Сәуле Жақсыбаева – Мәди Бигалиевтің жұбайы

-Әрине қуаныштымыз, отағасына медицина қызметкерлерінің мерекесі қарсаңында  құрмет тақтайшасын ашып жатқанына. Қасымызда болғанда, өкінішке қарай осындай жағдай болды. Медицина саласының ардагерлеріне, әріптестеріне, шәкірттеріне  қолдау көрсетіп, құрмет көрсеткендеріне  алғысымыз шексіз. Науқастар ризашылығын білдіріп осы күнге дейін үйге келіп тұрады.

Хирургтің өзі өмірден өтсе де, көңілге жұбаныш болар артында білікті шәкірттері қалды. Жуырда Мәди Қожаұлының ізбасарлары бүйрек ауыстыру отасын 5 сағат 48 минутта сәтті аяқтап шыққан. Әсіресе, диагнозды дөп басатын қабілеті жоғары бірегей дәрігер еді. 

Ахметжамши Назаров - №1 клиникалық ауруханасының терапия бөлім меңгерушісі

-Өте қиын ауруларды дұрыс диагнозын қоя алмай жатқан кезде келіп көріп, әттеген-ай мынадай обследования жүргізгенде, мынадай диагнозың шығып тұр ғой деп неге істемедіңіз деп бізді дұрыс жолға салатын. Сол кезде ол кісінің диагностикалық қою тәжірибесіне таң қалатын едік.

 Дербісәлі  Сексенбаев – ардагер хирург

-Кішкентайынан тәрбиелеп едім, 82 жылы келген осында. 63 жыл өмір сүріп сапалы өткерді өздерің білесіңдер.Хирургтің жолы қиын. Кішкентайынан хирург етіп, кандидат, докторский қорғатып профессор атағын берген ағалары менмін.

Мәди Бигалиев – медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Құрмет» орденінің иегері, «Алтын скальпель» халықаралық сыйлығының, ТМД елдерінің хирургтар Ассоциациясының құрметті мүшесі. Шымкент қаласының Құрметті азаматы. 2008-2019 жылдары аталмыш аурухананың бас дәрігері болған Мәди Хожаұлына арналған ескерткіш тақтайша алтын қолды хирургтің еселі еңбегін ұмыт қалдырмайтын болады.

Рабиға Бақытжанқызы

Тақырып бойынша материалдар

ЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДАҒЫ СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ
18:35, 14 маусым 2019
ЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДАҒЫ СПАРТАКИАДА БАСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

ИНКАССАТОРЛАРДЫ ӨЛТІРГЕН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
13:02, 10 маусым 2019
ИНКАССАТОРЛАРДЫ ӨЛТІРГЕН КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...